ҚР ҰЯО РМК – KAERI: екіжақты қарым-қатынасты дамыту


22 қараша 2021

 

        ҚР Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО РМК) және Кореяның атом энергиясы ғылыми-зерттеу институты (KAERI) бірлескен ғылыми-техникалық онлайн-семинар өткізіп, оның барысында атом энергетикасын дамыту және радиоэкология саласында ұйымдардың қол жеткізген нәтижелері қаралды, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі жүргізу перспективалары талқыланды.

        Семинарды KAERI президенті доктор Вон Сок ПАК (Won Seok Park) және ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбеков аша отырып, өзара тиімді тығыз ынтымақтастық орнатуға үлкен әлеуеттің бар екендігін атап өтті.

        Нәтижесінде тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған техникалық кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастыруға ниет білдірді. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде KAERI делегациясы ҚР ҰЯО РМК объектілеріне барып қайтпақ.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰЯО мен KAERI арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге МАГАТЭ Бас конференциясының 63-ші сессиясы аясында 2019 жылғы қыркүйекте қол қойылған болатын.  

радиоэкология международное сотрудничество семинар Республика Корея РГП НЯЦ РК атомная энергетика KAERI