19 ақпан 2021

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына (ҚР ҰЯО) Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты делегациясының үш күндік сапары аяқталды.
Ядролық зерттеу реакторларына, зертханаларға барғаннан кейін жұмыс кеңесі өткізілді.
Тараптар қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, ҚР ҰЯО РМК эксперименттік және аспаптық-талдау базасында бірлескен зерттеулер жүргізу нұсқаларын қарау туралы шешім қабылданды.
Жалпы, Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының делегациясы ҚР ҰЯО жүргізетін зерттеулердің бірегейлігін, сондай-ақ қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейін атап өтті.
02 қазан 2026
02 қазан 2026
30 қыркүйек 2026
28 қыркүйек 2026