Бірлескен зерттеулер перспективалары


27 Ақпан 2020

Курчатов қаласында өткен кездесуде ҚР Ұлттық ядролық орталығының, Қазақ ұлттық өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының (Алматы қаласы), Павлодар мемлекеттік университетінің (Павлодар қаласы), Ядролық технологиялар паркінің (Курчатов қаласы) қызметкерлері ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада және тағы басқа салаларда ядролық және радиациялық технологияларды пайдалану саласындағы бірлескен зерттеулер перспективаларын талқылады.

Лаура Кенжина, ҚР ҰЯО, эпидемиологиялық және биодозиметрлік зерттеулер тобының бастығы:

- Физикалық факторларды, атап айтқанда иондаушы сәулеленуді пайдалана отырып, жоғары технологиялық өндірістерді қолдану физика, биология, медицина, химия және т.б. бірлестігіндегі пәнаралық іргелі зерттеулерге негізделеді. Сондықтан пікірталас кезінде сәулелендіру технологияларын қолданудың түрлі аспектілері, оның ішінде микроорганизмдерге, ауру қоздырғыштарына, зиянкес жәндіктерге, өсімдіктерге, жануарларға сәулеленудің әрбір түрінің әсерін зерделеу жөніндегі іргелі зерттеулер; нормалау проблемалары; дозиметрия және радиациялық қауіпсіздік; әртүрлі ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өңдеу кезінде сәулеленуді қолданудың тиімділігі; өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы және тағы басқа көптеген мәселелер қозғалды.

Қорыта келгенде, ынтымақтастықтың қарастырылған жолдары ғылым мен техниканы дамытуға бағытталған ортақ мақсаттарға жетуге ықпал ететін болады.

 

радиоэкология