Изотопты гидрология әдісін қолдану


05 Ақпан 2020

Үйлестіру тобы – «Изотопты гидрология» талдамалық зертханасы өкілдерінің қарастыруға арналған тақырыбы әртүрлі елдерде изотопты гидрология әдісін қолдану тәжірибесі, даму перспективалары, сондай-ақ жаһандық атмосфералық жауын-шашындардағы және трансшекаралық өзен суларындағы тұрақты изотоптар қатынасын мониторингілеу процестерін үйлестіру мен жақсарту болды. Кездесу Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікте (МАГАТЭ) 25 ұйымнан келген мамандардың қатысуымен өтуде, оның ішінде ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ мамандары да бар.

Талқылау барысында ұйымдастырушылар климаттық өзгерістерді бақылау мақсатында әрбір өңірге арналған тақырыптық зерттеулер бойынша ұсыныстар жасады. Сонымен қатар МАГАТЭ-нің изотопты гидрология зертханасына экскурсия ұйымдастырылды, онда кездесуге қатысушылар зертхана қызметімен, аппаратуралық-әдістемелік жасақтамамен және даму жоспарымен танысты.

радиоэкология