Эксперименттік отынның ресурстық реакторішілік сынақтарының сәтті аяқталуы


01 Қараша 2019

ҚР Ұлттық ядролық орталығында АҚШ Энергетика департаментінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің қолдау көрсетуімен ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық бастамалар шеңберінде ИВГ.1М ядролық зерттеу реакторын төмен байытылған отынға конверсиялау жұмыстары жүргізілуде.  

ИВГ.1М реакторын конверсиялауды жүзеге асыру үшін «ЛУЧ» ғылыми-өндірістік бірлестігі (Ресей) төмен байытылған отыны бар сумен салқындатылатын эксперименттік технологиялық арналарды жасап шығарды, олар тәжірибелік пайдалану режимінде ресурстық сынақтар жүргізу үшін реактордың актив аймағына жүктелді.

Ресурстық сынақтар бағдарламасын іске асыруды жеделдету үшін «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінде реактордың жылу тасымалдағышын салқындату жүйесін жобалау және салу жобасы іске асырылды, бұл міндеттерді орындау мерзімін үш жылдан екі жылға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбековтің айтуынша, аталған іске қосу ИВГ.1М реакторына арналған отынның перспективалық үлгілеріне ресурстық реакторішілік сынақтар жүргізу сияқты маңызды кезеңнің аяқталуын білдіреді. Келесі кезеңде реактордан кейінгі материалтану зерттеулері жүргізілмек, олардың нәтижелері бойынша ИВГ.1М реакторын төмен байытылған отынға ауыстыру міндеттерін орындау үшін эксперименттік отынды пайдалану мүмкіндігін анықтауға болады.     

 

 

Фотода ИВГ.1М реакторының жылу тасығышын салқындату жүйесі

 

 

 

 

 

 

международное сотрудничество ИВГ 1.M исследовательские реакторы США РГП НЯЦ РК