EAGLE-3 зерттеу бағдарламасы


08 Тамыз 2019

Ұлттық ядролық орталықта Жапонияның ядролық энергетика жөніндегі агенттігі (JAEA) мамандарының қатысуымен EAGLE-3 бірлескен қазақстан-жапон зерттеу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 10-шы техникалық кездесу өтті.

Бағдарлама натрий жылу тасымалдағышы бар шапшаң нейтрондардағы реакторлардың қауіпсіздігін негіздеуге бағытталған, атап айтқанда реакторда отын балқымасының орын ауыстыру процестерін және отын балқымасының жылу тасымалдағышпен және конструкциялық материалдармен өзара әркеттесуін зерттеу жүргізіледі.

Кездесуде реакторішілік және реактордан тыс зерттеулерді дайындау және өткізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қазақстандық тарап EAGLE қондырғысында және ИГР реакторында орындалған эксперименттердің нәтижелерін ұсынды. Кездесу нәтижесі бойынша жапон тарапы жүргізілген жұмыстарға және қол жеткізілген нәтижелерге жоғары баға берді.

международное сотрудничество исследовательские реакторы Япония ИГР JAEA EAGLE РГП НЯЦ РК