26 ақпан 2019
ҚР Ұлттық ядролық орталығы ұзақ жылдар бойы ядролық және термоядролық реакторлардың конструкциялық және отын материалдарының материалтану зерттеулерін жүзеге асырып келеді, олардың нәтижелері халықаралық ғылыми қоғамдастықтың жоғары бағасына ие.
Осы саладағы зерттеулерді жүргізу үшін «Атом энергиясы филиалының» негізінде материалтану сынаулары бөлімі құрылды, оның құрамына көбі бірегей және ҚР ҰЯО-да жасалған ғылыми-зерттеу жабдығымен жабдықталған үш зертханамен ұйымдастырылған материалтану кешені кіреді.
Бұлар: радиациялық материалтану (бұрын – материалдарды термиялық сынау зертханасы), конструкциялық және отын материалдарын сынау және ішкіарналық сынақтар зертханалары.
Бүгін біз 2005 жылы құрылған радиациялық материалтану зертханасына неғұрлым жете тоқталамыз. Бұл уақытта БН-350 реакторының отынын "Байкал-1" ЗРК-ға алдағы уақытта ұзақ уақыт құрғақ сақтауға орналастырумен байланысты оларды ұзақ уақыт құрғақ сақтау кезіндегі ядролық реакторлардың пайдаланылған отын жинақтарының әрекетін егжей-тегжейлі зерделеу қажеттігі туындады.
Соңғы жылдары зертхана заманауи аналитикалық және сынау жабдығымен жете жарақтандырылды. Мысалы, қайталама және шағылысқан электрондар детекторы бар Tescan Vega 3 сканерлейтін электрондық микроскобы, сондай-ақ адами фактордың әсер етуін болдырмайтын, жүктелу мен өлшеудің толық автоматталған режиміндегі кең ауқымды диапазондарда (1 кг-дан 10 кг-ға дейін) әртүрлі материалдардың макро- және микроқаттылығын анықтауға мүмкіндік беретін Qness Q10A+ автоматты қаттылық өлшегіш сатып алынды.
Уақыт өте келе зертхананың міндеттері айтарлықтай артты. Қазіргі уақытта зертхана қызметкерлері зерттеу реакторлары отынының кіріс бақылауынан бастап, реакторлық сәулеленудің конструкциялық материалдардың физика-механикалық қасиеттеріне, микроқұрылымға және механизмдерге әсер етуін кешенді материалтану зерттеулерді және реактордың ауыр апаттарын имитациялайтын жағдайлардағы конструкциялық материалдарды эксперименттік зерттеулерді қамтитын материалтану сынаулары мен зерттеулерді бағдарламалық-әдістемелік, техникалық және ғылыми қамтамасыз етуді жүргізеді. Сондай-ақ термоядролық реактордың бірінші қабырғасының кандидат материалдарымен жұмыстар жүргізілуде.
Зерттеудің жаңа бағытын құруға арналған ғылыми дайындаманы қалыптастыру үшін пайдаланылған жылу бөлгіш жинақтардың активтілігі жоғары материалдарының, термоядролық реактордың бірінші қабырғасының кандидат материалдарының берік қасиеттері туралы деректер алу мақсатында сынау үлгілерін миниатюризациялау талдауы мен мүмкіндігі жүргізіліп жатыр. Сынау үлгілерін миниатюризациялауды игеру нақты конструкциялар материалдарын оның жұмысқа қабілеттілігін жоғалтпай эксперименттік бағалауға мүмкіндік береді.
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024
26 қыркүйек 2024