«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК Жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХХIV конференция-конкурсы

Курчатов қ., Абай облысы, Қазақстан Республикасы, 21 - 23 мамыр 2025

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны


2025 жылғы 23 мамырда ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ ХХIⅤ ғылыми-зерттеу конференция-конкурсы өз жұмысын аяқтады.

Конкурсқа қатысушылар қазылар алқасына 27 жұмыс ұсынды.

Барлық баяндама тыңдалған соң қазылар алқасы белгіленген өлшемшарт бойынша жұмысты бағалау нәтижелерінің негізінде жүлделі орындарды анықтады.

Конференция-конкурстың нәтижесі:

Ι. Бірінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:

        Жанболатов Олжас Мұратбекұлы – АЭИ филиалының сәулелендіру қондырғыларының жылу-физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері, «ИГР реакторын төмен байытылған отынға конверсиялау мүмкіндігін есептік негіздеу» жұмысы үшін, инженерлік-техникалық зерттеулер;

 II. Екінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:

  1. Бачурина Ирина Анатольевна – РҚЭИ филиалының бюджеттік бағдарламалар бөлімінің 1-санатты инженері, «Халық шаруашылығы айналымына беру жоспарланып отырған учаскелерде орналасқан бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағының жер ресурстары мен су объектілерін тұрақты басқару жөніндегі web-қосымшаны әзірлеу» жұмысы үшін, инженерлік-техникалық зерттеулер;
  2. Ашибаев Арыстан Шыңғысұлы – ЯФИ РМК атом энергиясының қауіпсіздік проблемалары зертханасының зертханашысы, «ВВР-К реакторында Mo-99 өндіруге арналған сәулелендіру капсуласының жылу-физикалық моделін әзірлеу және талдау» жұмысы үшін, қолданбалы зерттеулер;

III. Үшінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:

  1. Ермакова Рината Геннадьевна – РҚЭИ филиалының мониторинг және экологиялық-талдамалық зерттеулер бөлімінің 2-санатты инженері, «ССП аумағының радиоактивті ластанған суларын табиғаты әртүрлі сорбенттермен сорбциялық тазарту» жұмысы үшін, қолданбалы зерттеулер;
  2. Оспанова Жанна Нұрболатқызы – АЭИ филиалының Сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық біліктілік орталығының перспективалық материалдар зертханасының инженері, «Аl-мен легирленген Mg негізіндегі сутегін сақтауға арналған материалдың құрылымдық-фазалық күйі» жұмысы үшін, қолбанбалы зерттеулер;
  3. Тоқтарұлы Бақытжан – «Жоғары технологиялар институты» ЖШС аға ғылыми қызметкері,  «Сілтісіздендіру ерітіндісін оттегімен қанықтырудың уранды жерасты сілтісіздендіру тиімділігіне әсері» жұмысы үшін, инженерлік-техникалық зерттеулер;

IV. Грамоталар мен көтермелеу сыйлықтары келесі номинация бойынша берілді:

Өзгеше жұмысы үшін

Сәттібеков Азизхан Нұртайұлы – «Үлбі металлургия зауыты» АҚ бериллий зертханасы ғылыми орталығының инженер-зерттеушісі, «Ірі габаритті дайындамаларды қалыптастыру кезінде ПТБ-56 бериллий ұнтағының бөлшектерін төсеу сипаттамаларына дірілді тығыздау режимдерінің әсерін анықтау» жұмысы үшін, инженерлік-техникалық зерттеулер;

Белсенді қатысушы

Қабдылқақов Ержан Асқарұлы – АЭИ филиалының сәулелендіру құрылғыларының жылу-физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының 2-санатты инженері, «Реакторлық эксперимент жағдайында сәулелендіру құрылғысында натрийдің қайнауын модельдеу» жұмысы үшін, инженерлік-техникалық зерттеулер;

Шешендік өнері үшін

Надеева Анастасия Михайловна – РҚЭИ филиалының мониторинг және экологиялық-талдамалық зерттеулер бөлімінің инженері, «Жерүсті және жерасты суларындағы изотоптық арақатынасты талдау негізінде атмосфералық жауын-шашынның су ресурстарының сапасына әсерін бағалау» жұмысы үшін, қолданбалы зерттеулер;

Үздік безендірілген жұмысы үшін

Шоқпарбай Арай Ерденқызы – ГЗИ филиалының Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының 2-санатты инженері, «Мұздықтағы жер сілкінісін бақылаудың көп параметрлі жүйесі» жұмысы үшін, қолданбалы зерттеулер;

Ⅴ. Инновациялық жұмысы үшін бір сыйлықақы берілді:

Исағали Әсем Айдарқызы – ГЗИ филиалының Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының кіші ғылыми қызметкері, «Батыс Қазақстанның жер сілкінісі каталогын – сейсмикалық қауіпті бағалаудың ақпараттық негізін жасау мәселелері» жұмысы үшін, қолданбалы зерттеулер.

VI. ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ XXIV конференция-конкурсының барлық қатысушысына қатысқандығы туралы сертификат берілді.