Сәтқалиев А. М. – Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, төраға
Батырбеков Э. Ғ. – ҚР ҰЯО РМК бас директоры, төрағаның орынбасары
Әбішев М. Е. – Қазақстандық физикалық қоғам басқармасының мүшесі
Айдарханов А. О. – ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының директоры
Байғазинов Ж. А. – «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқармасының төрағасы
Бакланов В. В. – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының директоры
Березин С. А. – ҚР ҰЯО РМК бас директорының орынбасары
Витюк В. А. – ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары
Бердіғұлов Е. К. – «ҚАЭС» ЖШС бас директоры
Өмірғали А. К. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ғылым, СМ және ЖСМ департаментінің директоры
Рамазанов Т. С. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
Сахиев С. Қ.– ЯФИ РМК бас директоры
Серікқанов А. С. – ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті
Сқақов М. Қ. – ҚР ҰЯО РМК бас ғылыми қызметкері
Тәжібаева И. Л. – «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы басқармасының төрағасы
Жантикин Т. М. төраға (Қазақстан) |
Nagase T. (Жапония) |
Кәдіржанов Қ. К. (Қазақстан) |
Akehashi K. (Жапония) |
Salbu B. (Норвегия) |
Карпенко Е. И. (Ресей) |
Bolshinsky I. M. (АҚШ) |
Stevens J. (АҚШ) |
Киевицкая А. И. (Беларусь) |
Evers L. (Нидерланды) |
Stohr P. (Франция) |
Қожамқұлов Т. А. (Қазақстан) |
Florou H. (Греция) |
Taiwo T. (АҚШ) |
Копничев Ю. Ф. (Ресей) |
Hecker S. (АҚШ) |
Usui H. (Жапония) |
Күрішбаев А. Қ. (Қазақстан) |
Hou X. (Дания) |
Wieleba W. (Польша) |
Рахими Ф. (Тәжікстан) |
Hulka J. (Чехия) |
Yusan S. (Түркия) |
Родин И. Ю. (Ресей) |
Koguchi M. (Жапония) |
Zhao H. (Қытай) |
Садиков И. И. (Узбекистан) |
Kotake Sh. (Жапония) |
Ғабдуллин М. Т. (Қазақстан) |
Санжарова Н. И. (Ресей) |
Mackey K. (АҚШ) |
Гарибов А. А. (Әзірбайжан) |
Спасский Н. Н. (Ресей) |
McCormack D. (Канада) |
Зайцев П. А. (Ресей) |
Тухватулин Ш. Т. (Ресей) |
Meral Ö. (Австрия) |
Ибраев Б. М. (Қазақстан) |
Школьник В. С. (Қазақстан) |
Мerola М. (Франция) |
Ильющенко А. Ф. (Беларусь) |
Юсупов М. Б. (Қазақстан) |
Конференция Қазақстан Республикасы Абай облысының Курчатов қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны негізінде өткізіледі.
Конференция бағдарламасында Семей сынақ полигонының (ССП) «Тәжірибе алаңы» объектісіне, эксперименттік кешендеріне (ИГР және ИВГ.1М зерттеу реакторлары, Қазақстандық КТМ материалтану токамагы және т.б.) бару, ССП тарихының экспозициялық залын аралау көзделген.
Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс және ағылшын тілі.
Баяндамалардың тезистері электрондық түрде conf2025@nnc.kz e-mail-іне
2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін жіберілуі тиіс.
Тезис көлемі – А4 (210×297 мм) форматтағы 1 беттен аспауы тиіс,
жиектері: асты, үсті, сол жағы – 25 мм; оң жағы – 15 мм.
Қарпі – Times New Roman, биіктігі 12 пт, бір аралық арқылы.
Баяндаманың атауы бас әріптермен жазылады, оның астына авторлардың тегі, аты-жөні және өздері жұмыс істейтін ұйымның атауы, қала мен елдің атауы қоса жазылады.
Баяндамалардың тезистер жинағы конференция қарсаңында басып шығарылады.
06 қазан, дүйсенбі – конференцияға қатысушылардың келуі.
07 қазан, сейсенбі – конференцияның ашылуы, «дөңгелек үстел» отырысы.
08 қазан, сәрсенбі – отырыстар.
09 қазан, бейсенбі – отырыстар, конференцияның жабылуы, техникалық турлар.
10 қазан, жұма – конференцияға қатысушылардың кері қайтуы.
Конференцияға қатысушылардың стандарт ұйымдастыру жарнасы төлем сәтіндегі курс бойынша теңгемен алғанда АҚШ-тың 100 долларын құрайды.
Жарнаны 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК есеп шоттарына аударуға болады:
қазақстандық теңгемен:
180010, Абай облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б
СТН 511800000504, БСН 990240001722, КБе 16
ЖСК KZ826017261000000005, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БСК HSBKKZKX
АҚШ долларымен:
JSC Halyk Bank
40, Al-Farabi ave., А26М3К5, Almaty, Kazakhstan
Swift code: HSBKKZKX
IBAN KZ216017261000000133
ресейлік рубльмен:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасы
БСК HSBKKZKX, ЖСК KZ216017261000000036
Ұйымдастыру жарнасын төлеген соң төлем құжатының сканерленген көшірмесін жіберуді сұраймыз.
Жарнаны сондай-ақ конференция ашылған күні тіркеу кезінде де төлеуге болады.
Конференцияға қатысушылар 2025 жылғы 19 қыркүйекке дейін sts2025@nnc.kz электрондық поштасы арқылы конференцияның Ұйымдастыру комитетінің хатшылығына Курчатов қаласына жақын орналасқан әуежайға (Семей) келетін авиарейстің немесе Дегелең т/ж станциясына келетін пойыздың күні мен нөмірін хабарлауы қажет. Конференцияға келген барлық қатысушыны әуежайда, теміржол вокзалында қарсы алынып, қонақ үйге жеткіземіз. Хатшылық қонақ үй бөлмесін броньдауға көмектеседі. Ұйымдастыру комитеті келетіндігі туралы ақпарат бермеген қатысушыларды қарсы алып, қонақ үйге орналастыруға кепілдік бермейді. Қайтар жолға билет туралы алдын ала қамданып, бұл туралы ұйымдастыру комитетінің хатшылығына хабарлауыңызды сұраймыз.
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА
Баяндамалардың ұзақтығы пленарлық отырыста бірінші күні – 20 минут, екінші және үшінші күні – сұрақтарды қоса алғанда 15 минут. Екінші күні стендтік баяндамалар сессиясы жоспарланған. Стендтік баяндаманың көлемі А1 форматында 1-2 бет. Стендтік сессияның ұзақтығы – 0,5 күн.
Конференцияда сөз сөйлеу синхронды аудармамен қамтамасыз етіледі.
Синхронды аударма сапалы болу үшін баяндамашылар Курчатов қаласына келген соң презентациясын Ұйымдастыру комитетіне алдын ала беруі немесе электрондық пошта арқылы жіберуі қажет.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК,
180010, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б
Конференция хатшысы:
Утенкова Наталья | тел. +7 (722-51) 3-33-14 | e-mail: sts2025@nnc.kz