Құрметті әріптестер!
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК әлемде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына қатысты қалыптасқан ағымдағы жағдайға байланысты 2020 жылғы 8-10 қыркүйек аралығына жоспарланған «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» IX халықаралық конференциясы 2021 жылдың қыркүйек айына ауыстырылатыны туралы хабарлайды. Өткізілетін жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты өтінімдерді, тезистерді, ұйымдастыру жарналарын қабылдау тоқтатылады.
Ұйымдастыру жарнасын төлеген қатысушыларға қаражат толық көлемде қайтарылатын болады.
2021 жылы конференцияны өткізу мерзімі мен өзгерістері туралы барлық өзекті ақпарат 2020 жылдың соңына дейін «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның ресми сайтына орналастырылады: https://www.nnc.kz.
Барлықтарыңызға денсаулық тілейміз және қалыптасқан жағдайдың ойдағыдай шешілетініне үміттенеміз!
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК,
071100, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б
Конференция хатшысы:
Утенкова Наталья | тел. +7 (722-51) 3-48-08 | e-mail: conf2018@nnc.kz