Бұрынғы Семей сынақ полигонының проблемаларын үздік жариялау және объективті көрсету конкурсы

Курчатов қ., ШҚО, Қазақстан Республикасы, 01 - 25 қараша 2021

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бұрынғы Семей сынақ полигонының проблемаларын шынайы сипаттауға және үздік жарияланымға арналған жыл сайынғы конкурсы туралы ереже

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Конкурстың мақсаты:

  • республикалық және облыстық БАҚ өкілдерін бұрынғы Семей сынақ полигоны (ССП) аумағын ұтымды пайдалану мен оңалтуға бағытталған қызметті кеңінен және тиімді жария етуге тарту; 
  • жұртшылықтың назарын Ұлттық ядролық орталықтың бұрынғы ССП аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде шешетін мәселелеріне аудару; 
  • БАҚ өкілдеріне бұрынғы ядролық полигон аумағының проблемаларын шешуге және адамның жайлы және қолайлы қоршаған ортада өмір сүруге арналған конституциялық құқығын қорғауға өз үлесін қосуға мүмкіндік беру.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Конкурс ұйымдастырушылары мынадай міндеттерді алға қояды:

- бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен кәсіпорынның қызметіне өңір тұрғындарының оң көзқарасын қалыптастыру;

- бұрынғы ССП аумағын ұтымды пайдалану идеясын насихаттау;

- ядролық сынақтардың барлық қасіретін басынан өткерген, ядролық қарусыз әлемге бағытталған қозғалыстың алдыңғы қатарында келе жатқан халықтың атом энергиясын тек адамзаттың игілігі үшін пайдаланатын өз еліне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

- өңірдің бұрынғы ССП аумағымен және ҚР ҰЯО ғылыми-техникалық әлеуетімен байланысты даму перспективаларын баяндау.

II. КОНКУРСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

2.1.      Конкурсты ұйымдастырушы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҚР ҰЯО РМК) болып табылады.

2.2.      Конкурсты ұйымдастырушы:

- конкурстың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды;

- конкурс өткізудің жариялылығын;

- дұрыс шешім қабылдау мақсатында қазылар алқасының жұмысы үшін жағдай жасауды;

- конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің олар ресми жарияланған күнге дейін таралып кетпеуін қамтамасыз етеді. 

2.3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры конкурсты ұйымдастыру комитетінің төрағасы және конкурстың қазылар алқасының төрағасы болып табылады.

2.4. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры:

- Конкурс туралы ережені бекітеді, өзгерістер енгізеді.

- Конкурсты өткізу қорытындысын бекітеді.

- Конкурстың қазылар алқасының құрамын бекітеді.

III. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

  1. Республикалық және облыстық баспасөз ақпарат құралдарының жеке және заңды тұлғалары конкурстың қатысушылары бола алады.
  2. Еркін журналистер мен авторлардың да еңбектері қабылданады. Жеке автордың (немесе авторлардың) конкурсқа ұсынатын материалы 5-тен, баспасөз БАҚ редакцияларының, теле- және радиокомпаниялардың, Интернет-басылымдар мен Ақпараттық агенттіктердің ортақ тақырыппен біріктірілген материалы 3-тен аспауы тиіс.
  3. Материалдарды барлық жанрда: сұхбат, проблемалық мақалалар, очерктер, теле- және радиорепортаждар, фотоочерктер түрінде ұсынуға болады.
  4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген журналистер мен редакциялар мақалалардың расталған түпнұсқаларын немесе көшірмелерін, фотоматериалдарды, аудио және бейнежазбаларды жібереді.
  5. Жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
  6. Қолданылатын тіл – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және орыс тілі.
  7. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім еркін нысанда беріледі және:

          жеке қатысушылар үшін – конкурсқа қатысушы туралы оның аты-жөні (толығымен), атқаратын лауазымы, байланыс телефондары, соның ішінде телефон/факс және электрондық поштаның адресі, үйінің мекенжайы мен телефоны, жеке куәлігінің ксерокөшірмесі;

          редакциялар үшін – толық пошталық мекенжайы, байланыс телефондары, телефон/факс, электрондық поштаның адресі, байланысушы адамның аты-жөні көрсетілген қысқаша ақпаратты қамтуы тиіс.

3.8. Баспасөз жарияланымдары:

- ұсынылатын материалдың немесе жарияланымның ксеркөшірмесімен бірге оны жариялаған басылымның нөмірі мен күні көрсетілген баспасөз басылымы нөмірінің түпнұсқасы;

- мақаланың электрондық нұсқасы түрінде ұсынылады.

Электрондық материалдар электрондық тасығыштарда ұсынылады немесе өтініште электрондық ресурсқа белсенді сілтеме көрсетіледі.          Жарияланбаған материалдар және эфирге шықпаған теле- немесе радиобағдарламалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

3.9. Жарнамалық материалдар, сондай-ақ коммерциялық шартпен БАҚ-қа орналастырылған ақпараттық материалдар конкурс материалдары ретінде қарастырылмайды.

3.10. Конкурсқа конкурс жарияланған күнге дейінгі соңғы үш жылда БАҚ-та жарияланған материалдар ұсынылады. Бұрын конкурсқа ұсынылған және сыйлықақы алған жұмыстар қарауға қабылданбайды.

IV. КОНКУРСТЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ МЕН ӨЛШЕМШАРТТАРЫ

Конкурс шеңберінде келесі номинациялар белгіленеді:

  • «Республикалық және облыстық баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланым үшін» – үздік тақырып, көркем мақала, очерк/сұхбат;
  • «Электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы және интернет-басылымдардағы үздік жарияланым үшін» – тақырып бойынша мәселелер талқыланатын үздік телевизиялық (радио, интернет) бағдарлама (тақырыптық, деректі, талдамалық бағдарламалар, сюжет/репортаж).

Материалдардың құндылығын сипаттайтын өлшемшарттар: өзектілігі, жеделдігі, мәселені ашып көрсетуі, орындау шеберлігі, жауап пікірлердің болуы.

V. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

5.1. Конкурс жыл сайын желтоқсан айында өткізіледі.

5.2. Конкурс туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

5.3. Конкурсты өткізу кезеңдері:

-     Өтінімдерді қабылдау: 1 – 25 қараша.

-     Номинанттарды іріктеу: 25 қараша – 1 желтоқсан.

-     Жеңімпаздарды анықтау: 1 – 10 желтоқсан.

-     Жеңімпаздарды марапаттау: желтоқсан.

5.4. Конкурсқа арналған материалдар мына мекенжайға жіберіледі:

071100, Шығыс Қазақстан облысы,

Курчатов қаласы,Бейбіт атом көшесі, 2Б

телефон: 8(72251) 33333, факс 8(72251) 33858

е-mail: akhmetova@nnc.kz.

VI. КОНКУРСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

6.1. Жұмыс қаралғаннан кейін жеңімпаз қазылар алқасының ашық дауыс беруімен анықталады.

6.2. Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады және хаттамамен ресімделіп, бас директордың бұйрығымен бекітіледі.

6.3. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау үшін келесі орындар белгіленген:

          1-орын – ҚР ҰЯО РМК дипломы/ескерткіш таңбасы және ақшалай сыйлық;

          2-орын – ҚР ҰЯО РМК дипломы және ақшалай сыйлық;

          3-орын – ҚР ҰЯО РМК дипломы және ақшалай сыйлық. Одан кейінгі орындарды иеленген конкурсқа қатысушылар конкурс лауреаттарының дипломдарымен, бағалы сыйлықтармен немесе сыйақымен марапатталады.

VII. ҚОРЫТЫНДЫ ІС-ШАРА

7.1. Конкурс қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. Марапаттау рәсімі желтоқсан айында өткізіледі және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орайластырылады.

7.2. Қорытынды іс-шараға конкурсқа қатысушылар, жұртшылық, БАҚ өкілдері шақырылады.

7.3. Конкурс қорытындысы және сыйлықтарды салтанатты табыс ету рәсімі республикалық және облыстық БАҚ-тарда жарияланады.