ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы
2020 жылдың 1 қазанында ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ ХІХ конференция-конкурсы өз жұмысын онлайн режимде аяқтады.
Жас ғалымдар мен мамандар қазылар алқасының қарауына 44 жұмыс ұсынды.
Барлық баяндамалар тыңдалғаннан кейін қазылар алқасының хатшылығына дауыс берудің 9 рейтингтік бюллетені келіп түсті.
Жүлделі орындарды анықтау кезінде байқауға қатысушылардың төмендегі критерийлер бойынша жинаған балдарының саны ескерілді:
1) жұмыстың өзектілігі;
2) практикалық құндылығы (жұмыста айтылған проблема үшін маңыздылығы);
3) ғылыми, инженерлік деңгейі, нәтижелердің жаңалығы;
4) жұмыстың аяқталу дәрежесі;
5) конкурсқа қатысушының жеке үлесі;
6) материалды ұсыну стилі және игеру деңгейі;
зерттеу бағыттарының ерекшелігін ескере отырып:
- іргелі – жарияланымдар деңгейі;
- инженерлік-техникалық – техникалық шешімдерді бағалау;
- қолданбалы – бәсекеге қабілеттілігі.
Конференция-конкурстың нәтижесі:
I. Бірінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:
Букина Ольга Сергеевна – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының кіші ғылыми қызметкері, «Уран және цирконий тотықтары негізіндегі қатты ерітінділердің материалтану зерттеулері» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
II. Екінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:
- Жанболатов Олжас Мұратбекұлы – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының сәулелендіру құрылғыларының жылуфизикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының II санатты инженері, «Нейтрон конверторы бар эксперименттік құрылғының қуат диаграммасын есептеу» жұмысы үшін – іргелі зерттеулер.
- Ларионов Александр Сергеевич – «Ядролық физика институты» РМК қатты дененің радиациялық физикасы бөлімінің қолданбалы және теориялық материалтану зертханасының кіші ғылыми қызметкері, «Титан боридінен жасалған нейтрон-сіңіргіш жабын әзірлеу және зерттеу» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
III. Үшінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:
- Өзбеков Абылай Нұрсәрсенұлы – «Геофизикалық зерттеулер институты» РМК арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының талдау және ғылыми зерттеулер тобының аға ғылыми қызметкері, «Орталық Қазақстанның геофизикалық өрістері және сейсмикалығы» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
- Самарханов Қуаныш Қанатұлы - ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің арнаішілік сынақтар зертханасының кіші ғылыми қызметкері, «in-situ бақылаумен жақын ИҚ- диапазонда радиациялық төзімді талшықты жарық өткізгіштерге және талшықты-оптикалық қадағаларға реакторлық сынақтар жүргізу әдістемесі» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
- Колбин Владимир Валерьевич – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының талдамалық зерттеулер бөлімінің элементтік талдау зертханасының II санатты инженері, «Ішкі дозиметрияның биофизикалық әдісі ретінде индуктивті-байланысқан плазмалы масс-спектрометрия әдісімен несептегі уранды анықтау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
IV. Грамоталар және ақшалай көтермелеу сыйлықтары:
Үздік ресімделген жұмысы үшін марапатталды
- Бочков Вадим Сергеевич – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің арнаішілік сынақтар зертханасының инженері, «Нейтрондық сәулелену жағдайында Li15.Pb қорғасын-литий эвтектикасынан тритий мен гелийдің генерациясы мен шығуын зерттеу» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
Жұмыстың сонылығы үшін марапатталды
- Әскербеков Сәулет Қаныбекұлы – «Ядролық физика институты» РМК атом энергиясының қауіпсіздік проблемалары зертханасының инженері, «ВВР-К реакторында ұзақ сәулелендіру эксперименті кезінде литий метатитанатынан тритийдің бөлінуін зерттеу» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
Үздік оратор
- Пономарева Татьяна Сергеевна – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің радиоэкологиясы тобының маманы, «Топырақ-өсімдік» жүйесіндегі техногендік радионуклидтердің миграциясына эдафиялық факторлардың әсерін бағалау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
Белсенді қатысушы
- Сержанова Зарина Бейсембайқызы – ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің тасымалдау механизмдерін эксперименттік зерттеу зертханасының эксперименттік зерттеулер тобының бастығы, «ССП-ның радиациялық ластанған аумақтарының әсер ету аймағында тритийдің таралу ерекшеліктері» жұмысы үшін.
Инновациялық жұмысы үшін марапатталды
- Сураев Артур Сергеевич – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының сәулелендіру құрылғыларының жылуфизикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері, «Болат қабырғаның балқыма ағынымен бұзылу процесін сандық модельдеу ерекшеліктері» жұмысы үшін.
Сондай-ақ көтермелеу сыйлықтары берілді:
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы атынан:
- практикалық маңыздылығы үшін Кривицкий Павел Евгеньевич, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің далалық спектрометрия тобының бастығы марапатталды, «Балапан» алаңы аумағының радиоактивті ластануын бағалау» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- ҚР ҰЯО әдістемелік базасын жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін Райымқанова Альмира Мұратқызы, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің эксперименттік зерттеулер зертханасының эксперименттік зерттеулер тобының инженері марапатталды, «Ядролық сынақтар жүргізілген жерлердегі топырақтағы радиокөміртекті зерттеудің әдістемелік тәсілдері» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- IT-технологияларды енгізгені үшін Дорожкин Илья Петрович, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің зерттеу деректерін талдау тобының инженері, «Далалық спектрометрияның деректер базасын әзірлеу» жұмысы (қолданбалы зерттеулер) және Харченко Артем Алексеевич, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының талдамалық зерттеулер бөлімінің ядролық-физикалық талдау әдістері зертханасының инженері марапатталды, «Биокинетикалық модельдерді пайдалана отырып, ішкі сәулелену дозаларын есептеуге арналған программалық жасақтама әзірлеу» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- сәтті дебюті үшін Сысоева Елена Сергеевна, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің радиоэкологиялық зерттеулер зертханасының эколог-маманы марапатталды, «Орман төсемінде жасанды радионуклидтердің таралуын зерттеу» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- кәсіби біліктілігі үшін Тоқтағанов Тоғжан Шалқарұлы, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің мониторингтік зерттеулер зертханасының инженері марапатталды, «ССП аумағында таралған табиғи және техногендік сулардың қалыптасу жағдайларын бағалау» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- жас мамандарды даярлаудағы жоғары деңгей үшін Поливкина Елена Николаевна, «Топырақ-өсімдік» жүйесіндегі техногендік радионуклидтердің миграциясына эдафиялық факторлардың әсерін бағалау» жұмысының жетекшісі, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің радиоэкологиясы тобының бастығы, б.ғ.к. марапатталды.
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы атынан:
- Үздік эксперименттік жұмысы үшін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының арнаішілік сынақтар зертханасының кіші ғылыми қызметкері Тулубаев Евгений Юрьевич марапатталды, «Динамикалық сорбция әдісімен реакторлық сәулелену жағдайында литий КПС-пен сутегі изотоптарының өзара әрекеттесуін зерттеу» жұмысы (инженерлік-техникалық зерттеулер);
- жемісті дебюті үшін ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің радиоэкологиялық зерттеулер зертханасының эколог-маманы Сысоева Елена Сергеевна марапатталды, «Орман төсемінде жасанды радионуклидтердің таралуын зерттеу» жұмысы (қолданбалы зерттеулер).
- бірегей эксперименттік әдістемесі үшін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының нейтрондық физика зертханасының кіші ғылыми қызметкері Медетбеков Берік Сәкенұлы марапатталды, «ИВГ.1М реакторында ИНАА қолдану арқылы ИТЭР бетон үлгілеріндегі қоспаларды анықтау» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
- ССП қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің далалық спектрометрия тобының бастығы Кривицкий Павел Евгеньевич марапатталды, «Балапан» алаңы аумағының радиоактивті ластануын бағалау» жұмысы (қолданбалы зерттеулер);
Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі атынан:
- жемісті дебюті үшін ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің радиоэкологиялық зерттеулер зертханасының эколог-маманы Сысоева Елена Сергеевна марапатталды, «Орман төсемінде жасанды радионуклидтердің таралуын зерттеу» жұмысы (қолданбалы зерттеулер).
V. ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХІХ конференция-конкурсының әрбір қатысушысына конференция-конкурсқа қатысушының сертификаты табыс етілді.
VI. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды редакциялық алқа қарағаннан кейін және мақалалар журнал талаптарына сәйкес ресімделгеннен кейін ҚР ҰЯО жаршысы журналында жариялау ұсынылды.