Уран саласындағы заманауи технологиялар назарда

Жұмыс сапарының жалғасы ретінде қр ұэм бас директоры ғұмар серғазин түркістан облысындағы " буденовское 6-7 " өндірістік кешенінің ашылуына қатысты . Іс-шара "Буденовское" БК" ЖШС-нің 10 жылдығына орайластырылған.

Жобалық қуатқа шыққаннан кейін кешен жылына 6 мың тоннаға дейін табиғи уран өндіре алады. Өндіріс жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен жүргізіледі.

Жаңа нысанды аралау қолданылатын технологиялармен танысуға және бірлескен жұмыстың ықтимал бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді. ҚР ҰҒО үшін мұндай өзара іс-қимыл радиациялық және экологиялық мониторинг, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік процестерді ғылыми сүйемелдеу саласында бірлесіп жұмыс істеу үшін мүмкіндіктер ашады.