Қазақстанның ядролық қоғамы 1993 жылы Қазақстандағы ядролық ғылым және өнеркәсіп ұйымдарының бірлестігі ретінде құрылды. 2002 жылғы маусымда қайта тіркеуден өтті. Бұл - заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Ядролық қоғамның президенті - Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрі В. С. Школьник.
Ядролық қоғамның мақсаты - еліміздегі өндіруші күштерді дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында халықтың ақпараттану деңгейін көтеру.
Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстанның ядролық қоғамы ресми сайтына өтіңіз.
Негізгі міндеттері:
- атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыруға қатысу;
- осы саладағы мемлекеттік және халықаралық бағдарламалар мен жобаларға сараптама жүргізуге қатысу;
- атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелері бойынша, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орната отырып, кең көлемде ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
- атом энергиясы туралы объективті көзқарас қалыптастыру мақсатында жұршылықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- атом энергиясын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.