Халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
ҚР ҰЯО атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, радиациялық қауіпсіздік, экология және зерттеу инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша шетелдік ғылыми орталықтармен, халықаралық ұйымдармен және салалық әріптестермен өзара іс-қимыл жасайды.
Бұл жұмыс бірлескен жобаларды дамытуға, ғылыми-техникалық тәжірибе алмасуға және мамандардың жоғары құзыреттілік деңгейін қолдауға мүмкіндік береді.