Ядролық кооперация форумы

Азиядағы ядролық кооперация форумы дегеніміз не? Кооперацияның мақсаты - ядролық технологияларды бейбіт пайдалануға бет алу.

Азиядағы ядролық кооперацияның халықаралық конференциясы (ICNCA) Азияның көршілес мемлекеттері арасындағы ядролық энергия саласының тиімді кооперациясын қамтамасыз ету мақсатында Атом энергиясы жөніндегі комиссиямен 1990 жылғы наурызда шақырылды. Осы кезден бастап Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясы ICNCA бірнеше рет шақырды, онда министрлер атом энергиясының дамуы мен пайдаланылуы туралы ақпарат алып отырды.

1999 жылы өткен Азиядағы ядролық кооперацияның 10-шы Халықаралық конференциясында ынтымақтастық саласындағы неғұрлым тиімді ұйымдастыру мен жеделдету мақсатындағы «Азиядағы ядролық кооперация форумы» жаңа нысаны туралы келісімге қол жеткізілді.

Бұл құрылым шеңберінде ақпарат және көзқарас алмасу төмендегі салаларда жүргізіледі:

  • радиацияны пайдалануды дамыту (өнеркәсіпте пайдалану, экология және медицина);
  • зерттеу реакторларын пайдалануды дамыту;
  • ядролық қауіпсіздік;
  • ядролық инфрақұрылымды дамыту.

Қатысушы елдер

Австралия, Бангладеш, Қытай, Қазақстан, Индонезия, Жапония, Корея, Малайзия, Монғолия, Филиппин, Тайланд, Вьетнам.

Қызметі

Ынтымақтастық негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі:

  • Конференциялар: ынтымақтастық түрін және ядролық-энергетикалық саясатты талқылау. Конференциялар министрлер мен бірінші сатыдағы басшылар деңгейінде өткізіледі.
  • Үйлестіру кеңестері: жаңа мүшелерді талқылау, орындалған жұмыстар туралы есеп, қызметке түзетулер енгізу және әр елден тағайындалған үйлестірушілермен бірлескен жобалар әзірлеу.
  • Жекелеген жобалар бойынша ынтымақтастық.

Даму

  • 1990 жылғы наурыз - Азиядағы ядролық кооперация жөніндегі (ICNCA) 1-ші Халықаралық конференция Жапонияның Атом энергетикасы жөніндегі комиссиясы негізінде Токиода өтті. Осы уақыттан бастап бұл конференция жыл сайын Токиода өткізіліп келеді.
  • 1999 жылғы наурыз - 10-шы ICNCA конференциясында Азиядағы ядролық кооперация форумы жаңа құрылымына көшу туралы келісімге қол жеткізілді.
  • 2000 жылғы қараша - Азиядағы ядролық кооперацияның 1-ші форумы Бангкокта өтті.
Ресми бет