Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Қазақтан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2026 жылғы 22 мамырда ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ XXV ғылыми-зерттеу конференция-конкурсы өз жұмысын аяқтады.
Конференция-конкурсқа қатысушылар қазылар алқасына 42 жұмыс ұсынды.
Барлық баяндамаларды тыңдағаннан кейін қазылар алқасы белгіленген критерийлер бойынша жұмыстарды бағалау нәтижелері негізінде жүлделі орындарды анықтады.
Конференция-конкурстың нәтижесі:
I. Бірінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:
1. ҚР ҰЯО РМК «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалының арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының кіші ғылыми қызметкері Әсем Айдарқызы ИСАҒАЛИҒА – «Шүлбі ГЭС аумағының сейсмикалық қауіптілігін бағалау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
II. Екінші орын, диплом және ақшалай сыйақы беріледі:
III. Екінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:
IV. Мақтау қағаздары мен көтермелеу сыйлықтар берілді:
«Жұмысты үздік рәсімдеу» номинациясы бойынша:
– ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының перспективалық материалдар зертханасының инженері Данил Сергеевич КУЛЬБЕДИНГЕ – «Сутекті сақтаудың қатты денелі жүйесіне арналған гибридті құрылғы моделінің тұжырымдамасы» жұмысы үшін – инженерлік-техникалық зерттеулер.
«Жұмыстың төлдаралығы» номинациясы бойынша:
– ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының инженері Әмина Досанқызы НОҚАНОВАҒА – «ICP-MS әдісін қолдана отырып, ерекше таза графиттердегі қоспаларды сандық анықтау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
«Үздік шешен» номинациясы бойынша:
– ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының СЭ ТҚО перспективалық материалдар зертханасының 2-санатты техник-зертханашысы Оспан ӨКЕНГЕ – «Құрамында тұзы бар модельді сұйық радиоактивті қалдықтарды жинақтау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
«Белсенді қатысушы» номинациясы бойынша:
– ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының термоядролық зерттеулер бөлімінің эксперименттік физикалық қондырғылар зертханасының 2-санатты инженері Құлан ЖЕҢІСКЕ – «Плазмалық жүктеме эквивалентінде ҚТМ токамак плазмасын ЖЖ қыздыру жүйесінің алғашқы сынақтарының нәтижелері» жұмысы үшін – инженерлік-техникалық зерттеулер.
Ⅴ. Инновациялық жұмысы үшін сыйлық берілді:
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Үлбі металлургия зауыты» АҚ инженер-зерттеушісі Анна Александровна ДОРНҒА – «Құрамында уран-гадолиний бар материалдарды өңдеу технологиясы қалдықтарынан гадолиний оксидін алу жөніндегі зерттеулер» жұмысы үшін – инженерлік-техникалық зерттеулер.
VI. ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарына XXV ҒЗТКЖ конференция-конкурсының барлық қатысушыларына қатысу сертификаттары табысталды.