«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ XXV конференция-конкурсы

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, 20 - 22 мамыр 2026

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Қазақтан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны


2026 жылғы 22 мамырда ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ XXV ғылыми-зерттеу конференция-конкурсы өз жұмысын аяқтады.

Конференция-конкурсқа қатысушылар қазылар алқасына 42 жұмыс ұсынды.

Барлық баяндамаларды тыңдағаннан кейін қазылар алқасы белгіленген критерийлер бойынша жұмыстарды бағалау нәтижелері негізінде жүлделі орындарды анықтады.

Конференция-конкурстың нәтижесі:

I. Бірінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:

1.   ҚР ҰЯО РМК «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалының арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының кіші ғылыми қызметкері Әсем Айдарқызы ИСАҒАЛИҒА – «Шүлбі ГЭС аумағының сейсмикалық қауіптілігін бағалау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.

II. Екінші орын, диплом және ақшалай сыйақы беріледі:

  1. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының мониторинг және экологиялық-талдамалық зерттеулер бөлімінің эксперименттік зерттеулер тобының инженері Анастасия Михайловна НАДЕЕВАҒА – «Изотоптық және химиялық зерттеулер деректері бойынша Қазақстанның шығыс өңірінің табиғи суларын қалыптастыру ерекшеліктері» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
  2. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының СЭ ТҚО перспективалық материалдар зертханасының кіші ғылыми қызметкері Жанна Нурболатовна ОСПАНОВАҒА – «Сутекті қатты денелі сақтау құрылғысында қолдану үшін Mg56Al44 жүйесінің термодинамикалық және кинетикалық параметрлері» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.

III. Екінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:

  1. ҚР АЭА «Ядролық физика институты» РМК атом энергиясы қауіпсіздігі проблемалары зертханасының инженері Арыстан Чингизович АШИБАЕВҚА – «Берілген температуралық-дозалық режимдерде реакторлық жағдайларда Be12Cr-ді сәулелендіру» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
  2. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Жоғары технологиялар институты» ЖШС сирек кездесетін элементтер технологиясы зертханасының ғылыми қызметкері Айнамгуль Алтаевна УТЕШЕВАҒА – «Технологиялық ерітінділерде торий мен сирек топырақты элементтерді селективті бөлудің қазіргі заманғы әдістері» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.
  3. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының сәулелену қондырғыларының жылу физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының инженері Дархан Мұқаметтоқтарұлы СЕКЕНГЕ – «Нейтронды-физикалық есептеулерге арналған эксперименттік құрылғыда отынды көлемді бөлуді модельдеу әдісі» жұмысы үшін – инженерлік-техникалық зерттеулер.

IV. Мақтау қағаздары мен көтермелеу сыйлықтар берілді:

«Жұмысты үздік рәсімдеу» номинациясы бойынша:

– ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының перспективалық материалдар зертханасының инженері Данил Сергеевич КУЛЬБЕДИНГЕ – «Сутекті сақтаудың қатты денелі жүйесіне арналған гибридті құрылғы моделінің тұжырымдамасы» жұмысы үшін – инженерлік-техникалық зерттеулер.

«Жұмыстың төлдаралығы» номинациясы бойынша:

– ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының инженері Әмина Досанқызы НОҚАНОВАҒА – «ICP-MS әдісін қолдана отырып, ерекше таза графиттердегі қоспаларды сандық анықтау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.

«Үздік шешен» номинациясы бойынша:

– ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының СЭ ТҚО перспективалық материалдар зертханасының 2-санатты техник-зертханашысы Оспан ӨКЕНГЕ – «Құрамында тұзы бар модельді сұйық радиоактивті қалдықтарды жинақтау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.

«Белсенді қатысушы» номинациясы бойынша:

– ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының термоядролық зерттеулер бөлімінің эксперименттік физикалық қондырғылар зертханасының 2-санатты инженері Құлан ЖЕҢІСКЕ – «Плазмалық жүктеме эквивалентінде ҚТМ токамак плазмасын ЖЖ қыздыру жүйесінің алғашқы сынақтарының нәтижелері» жұмысы үшін – инженерлік-техникалық зерттеулер.

Ⅴ. Инновациялық жұмысы үшін сыйлық берілді:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Үлбі металлургия зауыты» АҚ инженер-зерттеушісі Анна Александровна ДОРНҒА – «Құрамында уран-гадолиний бар материалдарды өңдеу технологиясы қалдықтарынан гадолиний оксидін алу жөніндегі зерттеулер» жұмысы үшін – инженерлік-техникалық зерттеулер.

VI. ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарына XXV ҒЗТКЖ конференция-конкурсының барлық қатысушыларына қатысу сертификаттары табысталды.