14 қараша 2025


Қымбатты достар!
Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен, сондай-ақ Қазақстанның қаржы саласы мамандарын кәсіби мерекесі – Қаржыгер күнімен құттықтаймын!
Теңге сан жыл бойы еліміздің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің, экономикалық дамудың маңызды символы болып келеді. Ұлттық валютамыз әрбір қазақстандық үшін болашаққа деген үмітін нығайтып, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосып, бұрынғыдай сенімді тірек бола берсін.
Бәріңізге амандық, ертеңгі күнге деген нық сенім және мол табыс тілеймін. Шаңырақтарыңызда әрдайым жайлы да бейбіт өмір, бақыт орнасын, ал Отанымыз – Қазақстан Республикасы әрі қарай дамып, қуаты арта берсін!
Эрлан Батырбеков, бас директор
07 тамыз 2026
03 тамыз 2026
31 шілде 2026
30 шілде 2026