17 шілде 2023
14 шілдеде ҚР ҰЯО делегациясының Вашингтон қаласына (АҚШ) жұмыс сапары барысында жоғары байытылған отынды конверсиялау және азайту бағдарламасының басшысымен және менеджерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесу шеңберінде ИВГ.1М зерттеу реакторын конверсиялау және ИГР реакторының сәулеленген отынын сұйылту технологиясын әзірлеу бойынша орындалған бірлескен жұмыстар қорытындыланып, алдағы ынтымақтастық кезеңдері айқындалды. Сонымен қатар TREAT және ИГР реакторларын пайдалана отырып, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу перспективасы талқыланды.
Жалпы алғанда, тараптар іске асырылып жатқан іс-шараларға жоғары баға беріп, АҚШ және Қазақстан мамандарының командалық жұмысының тиімділігін атап көрсетті. Кездесуде конверсиялау бағдарламасының басшысы Джефф Чемберлен айтқандай, «Біздің алдымызда қалыптасқан достық және серіктестік қарым-қатынасты, бірлесіп орындалатын жобаларда өзара сенім және өзара түсіністік деңгейін сақтау міндеті тұр».
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024