Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2025 жылғы 23 мамырда ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ ХХIⅤ ғылыми-зерттеу конференция-конкурсы өз жұмысын аяқтады.
Конкурсқа қатысушылар қазылар алқасына 27 жұмыс ұсынды.
Барлық баяндама тыңдалған соң қазылар алқасы белгіленген өлшемшарт бойынша жұмысты бағалау нәтижелерінің негізінде жүлделі орындарды анықтады.
Конференция-конкурстың нәтижесі:
Ι. Бірінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:
Жанболатов Олжас Мұратбекұлы – АЭИ филиалының сәулелендіру қондырғыларының жылу-физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері, «ИГР реакторын төмен байытылған отынға конверсиялау мүмкіндігін есептік негіздеу» жұмысы үшін, инженерлік-техникалық зерттеулер;
II. Екінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:
III. Үшінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:
IV. Грамоталар мен көтермелеу сыйлықтары келесі номинация бойынша берілді:
Өзгеше жұмысы үшін
Сәттібеков Азизхан Нұртайұлы – «Үлбі металлургия зауыты» АҚ бериллий зертханасы ғылыми орталығының инженер-зерттеушісі, «Ірі габаритті дайындамаларды қалыптастыру кезінде ПТБ-56 бериллий ұнтағының бөлшектерін төсеу сипаттамаларына дірілді тығыздау режимдерінің әсерін анықтау» жұмысы үшін, инженерлік-техникалық зерттеулер;
Белсенді қатысушы
Қабдылқақов Ержан Асқарұлы – АЭИ филиалының сәулелендіру құрылғыларының жылу-физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының 2-санатты инженері, «Реакторлық эксперимент жағдайында сәулелендіру құрылғысында натрийдің қайнауын модельдеу» жұмысы үшін, инженерлік-техникалық зерттеулер;
Шешендік өнері үшін
Надеева Анастасия Михайловна – РҚЭИ филиалының мониторинг және экологиялық-талдамалық зерттеулер бөлімінің инженері, «Жерүсті және жерасты суларындағы изотоптық арақатынасты талдау негізінде атмосфералық жауын-шашынның су ресурстарының сапасына әсерін бағалау» жұмысы үшін, қолданбалы зерттеулер;
Үздік безендірілген жұмысы үшін
Шоқпарбай Арай Ерденқызы – ГЗИ филиалының Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының 2-санатты инженері, «Мұздықтағы жер сілкінісін бақылаудың көп параметрлі жүйесі» жұмысы үшін, қолданбалы зерттеулер;
Ⅴ. Инновациялық жұмысы үшін бір сыйлықақы берілді:
Исағали Әсем Айдарқызы – ГЗИ филиалының Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының кіші ғылыми қызметкері, «Батыс Қазақстанның жер сілкінісі каталогын – сейсмикалық қауіпті бағалаудың ақпараттық негізін жасау мәселелері» жұмысы үшін, қолданбалы зерттеулер.
VI. ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ XXIV конференция-конкурсының барлық қатысушысына қатысқандығы туралы сертификат берілді.