ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдар мен мамандардың ҒЗТКЖ ХХІ конференция-конкурсы

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, 12 - 14 қазан 2022

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Атом энергиясы институты» филиалы


2022 жылғы 14 қазанда ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ХХI жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференция-конкурсы өз жұмысын аяқтады.

Конкурсқа қатысушылармен қазылар алқасының қарауына 31 жұмыс ұсынылды.

Барлық баяндамаларды тыңдағаннан кейін қазылар алқасының хатшылығына 11 рейтингтік бюллетень түсті.

Жүлделі орындарды анықтау кезінде критерийлер бойынша конкурсқа қатысушылардың жинаған балдарының саны ескерілді: 

  1. жұмыстың өзектілігі;
  2. практикалық құндылық (жұмыс арналған мәселе үшін маңыздылығы);
  3. ғылыми, инженерлік деңгей, нәтижелердің жаңалығы;
  4. жұмыстың аяқталу дәрежесі;
  5. конкурсқа қатысушының жеке үлесі; 
  6. мазмұндау стилі және материалды игеру деңгейі;

Зерттеу бағыттарының ерекшелігін есепке ала отырып бағалаудың қосымша критерийлері:

  • іргелі зерттеулер үшін – басылым деңгейі;
  • инженерлік-техникалық жұмыстар үшін – техникалық шешімдерді бағалау;
  • қолданбалы зерттеулер үшін – бәсекеге қабілеттілік.

Конференция-конкурстың нәтижесі:

I. Бірінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:

ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының топ бастығы Ольга Сергеевна Букинаға, қолданбалы зерттеу – «ИГР реакторының сәулеленген отынын иммобилизациялау үшін матрицаның құрамын анықтау» жұмысы үшін.

II. Екінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:

  1. ҚР ЭМ ЯФИ РМК радиациялық материалтану зертханасының инженері Анастасия Юрьевна Тарапееваға, қолданбалы зерттеу – «Әр түрлі қалыңдықтағы титан диоксиді пленкаларының құрылымы мен оптикалық қасиеттеріне босаңдату әсері» жұмысы үшін;
  2. ҚР ҰЯО РМК РҚжЭИ филиалының экожүйені кешенді зертеу бөлімінің маманы Дина Бияхметовна Бияхметоваға, қолданбалы зерттеу – «Адам тістерінің кіреукесіне ЭПР-дозиметрия әдісімен «доза-эффект» калибрлеу тәуелділігінің эксперименттік құрылысы» жұмысы үшін.

III. Үшінші орын, диплом және ақшалай сыйақы берілді:

  1. «Казатомпром ҰАК» АҚ «Жоғары технологиялар институты» ЖШС жетекші инженер-зерттеушісі Тилеу Бердихалыхқа, қолданбалы зерттеу – «Фосфолипидтердің липидті қос қабатының наноқұрылымын анықтауға арналған синхронды рентгендік дифракция мүмкіндіктері» жұмысы үшін;
  2. ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының АСАЖӨО І санатты инженер-геофизигі Михаил Викторович Шульгаға, қолданбалы зерттеулер – «Атом саласы объектері орналасқан аудандарды геоэкологиялық диагностикалау кезінде геофизикалық әдістер кешенінде электр барлауды қолдану» жұмысы үшін;
  3. ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының материалдарды термоядролық реакторлар жағдайында сынау зертханасының кіші ғылыми қызметкері Ғайния Қайырдықызы Жанболатоваға, «Вольфрам беткі қабатының шоқты-плазмалық разрядтағы карбидизациядан кейінгі құрылымдық-фазалық зерттеу» жұмысы үшін.

IV. Грамоталар мен көтермелеу ақшалай сыйлықтары берілді:

«Үздік рәсімделген жұмыс» номинациясында:

ҚР ҰЯО РМК РҚжЭИ филиалының қоршаған ортаны мониторингтеу экожүйелерін әзірлеу бөлімінің инженері Олеся Олеговна Марченкоға, қолданбалы зерттеу – «Жану оттегі 1121 (Bomb parr) ыдысының көмегімен қоршаған орта объектілерінде тритийді анықтау әдістемесін пысықтау» жұмысы үшін;

«Жұмыстың өзіндік ерекшелігі» номинациясында:

ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының радиациялық материалтану зертханасының инженері Ерхат Даулетханулы Даулетхановқа, қолданбалы зерттеу – «Small Punch Test (SPT) әдісімен әртүрлі маркалы құрылымдық болаттардың беріктік сипаттамаларын анықтау» жұмысы үшін;

«Үздік шешен» номинациясында»:

ҚР ҰЯО РМК РҚжЭИ филиалының қоршаған ортаны мониторингтеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің І санатты технигі Рината Геннадьевна Ермаковаға, қолданбалы зерттеу – «Дегелен» алаңының су ағындыларының түбіндегі шөгінділерінде техногендік радионуклидтердің тік таралуын зерттеу» жұмысы үшін;

«Белсенді қатысушы» номинациясында:

ҚР ҰЯО РМК РҚжЭИ флиалының ҚОМЖӘБ тасымалдау механизмдерін эксперименттік сынау зертханасының ІІ санатты инженері Тоғжан Шалқарұлы Тоқтағановқа, қолданбалы зерттеу - «Аралтөбе ойпатының су объектілерін қалыптастыру көздерін бағалау» жұмысы үшін;

Ⅴ. Инновациялық жұмыс үшін сыйлық және ақшалай сыйлық берілді:

«Казатомпром НАК» АҚ «Жоғары технологиялар институты» ЖШС ғылыми қызметкері Абай Ерсейтович Омаровқа, қолданбалы зерттеу – «Солтүстік және Оңтүстік Карамұрын» кең орны жағдайында технологиялық ұңғымалардың әртүрлі РВР әдістерін жоспарлау және қолдану бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеу» жұмысы бойынша.

VI. «Ғылыми бөлімшенің үздік жас жетекшісі» номинациясы үшін ҚР ҰЯО РМК бас директорының арнайы сыйлығы және ақшалай сыйлығы:

ҚР ЭМ ЯФИ РМК радиауиылық материалтану зертханасының м.а., ғылыми қызметкер Михаил Сергеевич Мережкоға, іргелі зерттеу«Тот баспайтын аустенитті болаттардағы радиациялық индукцияланған ферритті зерттеу» жұмысы үшін.

VIII. Сондай-ақ көтермелеу сыйлықтары берілді:

ҚР ҰЯО РМК «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалынан:

  • үздік зерттеу жұмысы үшін – ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының Арнайы сейсмикалық ақпараттарды жинау және өңду орталығының (АСАЖӨО) деректерді өңдеу тобының ІІ санатты инженері Дархан Қалдарұлы Көмекбаевқа, қолданбалы зерттеу – «КСРО аумағында жасалған бейбіт ядролық жарылыстардың сейсмикалық жазбаларын параметрлеу» жұмысы;
  • үздік әлеуметтік-мағынасы бар жұмыс үшін – ҚР ЭМ ЯФИ РМК ҒТО өндіріс тобының инженері Тимур Кайратович Капкашевке, инженерлік-техникалық зерттеу – «Терапияға арналған I-131 натрийі иодидін  өндіру» жұмысы;
  • жаңа технологиялар мен инновациялық ғылыми жобаларды дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының АСАЖӨО ғылыми қызметкері Павел Викторович Рябенкоға, қолданбалы зерттеу – «Деректер орталығында тарихи сейсмограммаларды цифрландырудың жаңа технологиясын енгізу нәтижелері» жұмысы.

ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан:

  • үздік дебют – ҚР ЭМ ЯФИ РМК ҚДРФБ радиациялық материалтану зертханасының кіші ғылыми қызметкері Елена Радиковна Кимге, қолданбалы зерттеу – «Жоғары дозалы нейтронды сәулеленудің ЭП-450 болатының беріктігі мен икемділігіне әсері» жұмысы;
  • атом энергиясы объектілерінің қауіпсіздігі үшін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының «Байкал-1» ЗРК эксперименттерді дайындау және жүргізу қызметінің ауысым бастығы Ерлан Бахтыбекұлы Нуржановқа, инженерлік-техникалық зерттеулер – «Физикалық іске қосу сатысында төмен байытылған отыны бар ИВГ.1М зерттеу реакторының реактивтілігіне әсер ету органдарының сипаттамаларын анықтау» жұмысы;
  • креативтік көзқарас үшін – ҚР ЭМ ЯФИ РМК радиациялық материалтану зертханасының инженері Артур Гагикович Васильцовке, инженерлік-техникалық зерттеулер – «Изохронды босаңдату нәтижесінде электр кедергісінің өзгеруі бойынша болат үлгілерінің нейтрондық сәулелену температурасын анықтау» жұмысы;
  • жаңа материалдарды дамытуға қосқан үлесі үшін – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының арнаішілік сынақтар зертханасының ІІ санатты инженері Вадим Сергеевич Бочковқа, қолданбалы зерттеу – «Сұйық қалайы-литий қорытпасының құрылымдық ТЯР материалдарымен жоғары температуралы коррозиялық әрекеттесуін зерттеу» жұмысы;
  • уран өндіру технологиясын дамытқандығы үшін – «Казатопром НАК» АҚ «Жоғары технологиялар институты» ЖШС МТБЖжМЗ кіші ғылыми қызметкері Маргулан Ерболатулы Мухамедиге, қолданбалы зерттеу – «Орталық Мыңқұдық» кең орнында уранды жерасты ұңғымалық шаймалау кезінде шаймалау ерітіндісін оттегімен байыту технологиясын зерттеу» жұмысы;
  • реакторлық жүйелерді дамытқандығы үшін – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ИГР ЗРК технологиялық бақылау қызметінің инженері Никита Александрович Киреевке, қолданбалы зерттеу – «Бос датчиктер сигналдарын басқару, өлшеу, жинау және тіркеудің жергілікті жүйесін жаңарту» жұмысы.

ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалынан:

  • термоядролық ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының радиациялық материлтану зертханасының ІІ санатты инженері Нурхат Айдарулы Оразгалиевқа, қолданбалы зерттеу – «Бериллийдің беткі морфологиясы мен құрылымына термиялық жүктемелердің әсері» жұмысы;
  • зерттеу реакторын конверсиялауды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының нейтрондық физика зертханасының инженері Радмила Радиковна Сабитоваға, қолданбалы зерттеу – «ИВГ.1М реакторының ТБУ отынындағы энергия бөлу өрістерін эксперименттік зерттеу нәтижелері» жұмысы;
  • сутекті энергетиканы дамытуға қосқан үлесі үшін – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының материалдарды термоядролық реактор жағдайында сынау зертханасының инженері Азамат Серикказыулы Уркунбайға, қолданбалы зерттеу – «Ti-Al-Nb жүйесінің қорытпаларының құрылымы мен фазалық күйіне жоғары температуралық ықпалдың әсері» жұмысы;
  • есептеу процестерін оңтайландыруға қосқан үлесі үшін – ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының сәулелендіру құрылғыларының жылу-физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының инженері Ержан Асқарұлы Қабдылқақовқа, қолданбалы зерттеу – «ANSYS бағдарламасында үлгілік есептік зерттеулерді дайындау және жүргізу әдістемесін әзірлеу» жұмысы;
  • радиоэкологиялық зерттеулерге қосқан үлесі үшін – ҚР ҰЯО РМК РҚжЭИ филиалының аналитикалық зерттеулер бөлімінің инженері Куралай Тасбулатовна Мустафинаға, қолданбалы зерттеулер – «Сұйық сцинтилляциялық спектрометрияны пайдалана отырып, су сынамаларының жиынтық альфа-бета-белсенділігін айқындау әдістемесін әзірлеу» жұмысы;
  • конкурстан тыс жұмыс үшін арнайы көтермелеу сыйлық – «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ-ның аға оқытушысы Данияр Нуржанович Нургалиевке, инженерлік-техникалық зерттеу – «Тоңазытқыштың ақау жағдайында жұмыс істеу принципі» жұмысы; ҰЗ ТПУ студенті Александра Ивановна Кокоринаға, инженерлік-техникалық зерттеу – «Ашық ауа ортасындағы вольфрам кен концентратынан тұрақты ток доғалық разрядты плазмадағы вольфрам карбиді WC синтезі» жұмысы; ҰЗ ТПУ студенті Камилла Азаматовна Алкеноваға, қолданбалы зерттеу – «Магнетронды бүрку кезінде плазмалық ассистенттеудің хром жабындарының қаттылығына әсері» жұмысы.

ҚР ҰЯО РМК Жас ғалымдары мен мамандарының кеңесінен:

  • үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін ҚР ЭМ ЯФИ РМК ҚДРФБ радиациялық материалтану зертханасының лаборанты Дана Маликқызы Асқарға, қолданбалы зерттеу – «БН-350 реакторының құрылымдық материалдарының питтингтік коррозияға төзімділігін зерттеу» жұмысы.

IX.  ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХХІ конференция-конкурсының барлық қатысушыларына қатысу сертификаттары табыс етілді. 

X. Тапсырылған жұмыстарды «ҚР ҰЯО хабаршысы» журналында жариялау ұсынылды.