Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бұрынғы Семей сынақ полигонының проблемаларын шынайы сипаттауға және үздік жарияланымға арналған жыл сайынғы конкурсы туралы ереже
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Конкурстың мақсаты:
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Конкурс ұйымдастырушылары мынадай міндеттерді алға қояды:
II. КОНКУРСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
2.1. Конкурсты ұйымдастырушы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҚР ҰЯО РМК) болып табылады.
2.2. Конкурсты ұйымдастырушы:
2.3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры конкурсты ұйымдастыру комитетінің төрағасы және конкурстың қазылар алқасының төрағасы болып табылады.
2.4. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры:
III. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
жеке қатысушылар үшін – конкурсқа қатысушы туралы оның аты-жөні (толығымен), атқаратын лауазымы, байланыс телефондары, соның ішінде телефон/факс және электрондық поштаның адресі, үйінің мекенжайы мен телефоны, жеке куәлігінің ксерокөшірмесі;
редакциялар үшін – толық пошталық мекенжайы, байланыс телефондары, телефон/факс, электрондық поштаның адресі, байланысушы адамның аты-жөні көрсетілген қысқаша ақпаратты қамтуы тиіс.
3.8. Баспасөз жарияланымдары:
Электрондық материалдар электрондық тасығыштарда ұсынылады немесе өтініште электрондық ресурсқа белсенді сілтеме көрсетіледі. Жарияланбаған материалдар және эфирге шықпаған теле- немесе радиобағдарламалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
3.9. Жарнамалық материалдар, сондай-ақ коммерциялық шартпен БАҚ-қа орналастырылған ақпараттық материалдар конкурс материалдары ретінде қарастырылмайды.
3.10. Конкурсқа конкурс жарияланған күнге дейінгі соңғы үш жылда БАҚ-та жарияланған материалдар ұсынылады. Бұрын конкурсқа ұсынылған және сыйлықақы алған жұмыстар қарауға қабылданбайды.
IV. КОНКУРСТЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ МЕН ӨЛШЕМШАРТТАРЫ
Конкурс шеңберінде келесі номинациялар белгіленеді:
Материалдардың құндылығын сипаттайтын өлшемшарттар: өзектілігі, жеделдігі, мәселені ашып көрсетуі, орындау шеберлігі, жауап пікірлердің болуы.
V. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
5.1. Конкурс жыл сайын желтоқсан айында өткізіледі.
5.2. Конкурс туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
5.3. Конкурсты өткізу кезеңдері:
5.4. Конкурсқа арналған материалдар мына мекенжайға жіберіледі:
071100, Абай облысы,
Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі, 2Б
телефон: 8(72251) 33333, факс 8(72251) 33858
е-mail: akhmetova@nnc.kz.
VI. КОНКУРСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
6.1. Жұмыс қаралғаннан кейін жеңімпаз қазылар алқасының ашық дауыс беруімен анықталады.
6.2. Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады және хаттамамен ресімделіп, бас директордың бұйрығымен бекітіледі.
6.3. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау үшін келесі орындар белгіленген:
1-орын – ҚР ҰЯО РМК дипломы/ескерткіш таңбасы және ақшалай сыйлық;
2-орын – ҚР ҰЯО РМК дипломы және ақшалай сыйлық;
3-орын – ҚР ҰЯО РМК дипломы және ақшалай сыйлық. Одан кейінгі орындарды иеленген конкурсқа қатысушылар конкурс лауреаттарының дипломдарымен, бағалы сыйлықтармен немесе сыйақымен марапатталады.
VII. ҚОРЫТЫНДЫ ІС-ШАРА
7.1. Конкурс қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. Марапаттау рәсімі желтоқсан айында өткізіледі және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орайластырылады.
7.2. Қорытынды іс-шараға конкурсқа қатысушылар, жұртшылық, БАҚ өкілдері шақырылады.
7.3. Конкурс қорытындысы және сыйлықтарды салтанатты табыс ету рәсімі республикалық және облыстық БАҚ-тарда жарияланады.