ЯСЖТШҰ-ның жастар тобы мен көрнекті қайраткерлер тобының халықаралық конференциясына қатысушылардың сапары


05 қыркүйек 2018

29 – 30 тамызда Астана қаласында өткен Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының «Өткенге көз жүгіртіп, болашаққа бет бұру» атты халықаралық конференциясына қатысушылар ҚР Ұлттық яролық орталығында болып қайтты.

барысында мәжіліс өткізілді, онда ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Геофизикалық зерттеулер институтының қызметі таныстырылып, Таратпау режиміне қолдау көрсету жөніндегі келісім ережелерін іске асыру мәселелері мен Қазақстан Республикасының Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты іске асыруға қатысуы жайында талқыланды.

Қызықты бағдарлама дайындалып, оның барысында қонақтар ҚР ҰЯО зерттеу зертханаларын, ССП мұражайын, КТМ токамагын, «Тәжірибе алаңы» объектісін, сондай-ақ Геофизикалық зерттеулер институтының объектілерін аралады.

Конференции СИП международное сотрудничество Ядерная безопасность ОДВЗЯИ няц рк студенты