ҚР Ұлттық ядролық орталығындағы «Саябақтар шеруі»


23 сәуір 2018

       ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Саябақтар шеруі» халықаралық табиғат қорғау акциясына қатысты.

         Бұл жыл сайын өткізілетін халықаралық кең ауқымды табиғат қорғау акциясы және қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау идеясының айналасына бей-жай қарамайтын барлық адамдарды біріктіретін қоғамдық сипаттағы акция.

         Акцияның негізгі мақсаты қорғалатын табиғи аумақтардың проблемаларына планетаның барлық тұрғындарының назарын аудару, оларға қорықтық жерлерді сақтау мен дамытуда нақты практикалық көмек көрсету, табиғи байлығымыз үшін мақтаныш сезімін және оның жағдайына жауапкершілік сезімін насихаттау болып табылады.

         «Біздің әрқайсымыз табиғи байлығымыз үшін, планетамыздың экологиялық жағдайы үшін жауап беретініміз сөзсіз, - деп түсіндірді ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков. - Бүгін біз әртүрлі ағаш түрлерінің көшеттерін отырғызамыз, олар кейіннен қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар Курчатов қаласын абаттандыруға айтарлықтай үлес қосатын болады. Біз құрған саябақтың қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналатынына сенімдімін».

         Ағаш көшеттерін «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты ұсынды, ол бірнеше жыл бойы Семей өңірінде осы акцияның ұйымдастырушысы болып келеді.

         Саябақ Тәуелсіздік көшесіндегі ҚР Ұлттық ядролық орталығы ғимараттарының бірінің артында орналасқан. Жоспарлау алдын-ала жасалды, ал өткен жылы кәсіпорынның өз қаражаты есебінен суару жүйесі орнатылды. ҰЯО қызметкерлерінің күшімен жыл бойы жасыл желектерді уақтылы суару және күту жүзеге асырылатын болады.

Марш парков