Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері


27 қазан 2017

 

                                                        Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері

«Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Мәжін Қанапияұлы Сқақов 1-ші орынды иеленді.

Мәжін Қанапияұлы 350-ден астам ғылыми мақаланың, 4 монографияның, өнертабысқа арналған 41 авторлық куәліктің, рейтингілік баспалардағы 59 мақаланың авторы, Хирш индексі – 2.

Конденсатталған күй физикасы мектебін ашып, 20-дан астам физика-математика ғылымдарының кандидатын өзі дайындады және дайындауға қатысты. Соңғы үш жылда оның басшылығымен 7 PhD философия докторы дайындалды.

Мәжін Сқақов Ұлттық ядролық орталықтың жас ғалымдары мен мамандарына өзінің барлық білімі мен тәжірибесін береді, жас мамандардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, олардың кәсіби деңгейін көтеруге жағдайлар жасап, біліктілігі жоғары кадрлық резервті даярлауға үлкен көңіл бөліп отырады.

 

 

Курчатов Скаков Наставник Обучение