Біздің чемпион


06 маусым 2019

     2 маусымда Семей қаласында Қазақстан Республикасындағы Жастар жылы аясында классикалық пауэрлифтинг пен зілтемірді классикалық жатып көтеруден ашық чемпионат өтті.

         Жарыс «Gold King» спорт клубының 10 жылдығына орайластырып, ШҚО пауэрлифтинг, бодибилдинг және фитнес федерациясының басшылығымен өткізілді. Сайысқа Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының қалаларынан әртүрлі салмақ және жас дәрежесіндегі спортшылар қатысты.

         Аталған чемпионатта Курчатов қаласы мен ҚР ҰЯО РМК намысын  Миниязов Арман Жанарбекұлы қорғап, сенімімізді ақтады.

         Аталған жарыстың екі түрінің қорытындысы бойынша Арман 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үш сайыста 340 кг жинау арқылы 1-ші орынды иеленіп пауэрлифтинг бойынша чемпион атанса, зілтемірді жатып көтеруден 90 кг-ны бағындырып, екінші орынды иеленді.

         Жеңімпаз ұйымдастырушылық көмек көрсеткені үшін тренер Нұржан Жұмажанға және моральдық қолдау көрсеткендері үшін өзінің жақын-жуықтарына алғыс білдіреді.

         Арман Жанарбекұлын спорттағы жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы күндерде де жеңістер тілейміз!

     

Молодые учёные поздравления ИАЭ РГП НЯЦ РК