«ҚР ҰЯО жаршысы» журналы

«ҚР ҰЯО жаршысы» жинағы - физиканың, экологияның іргелі және қолданбалы проблемаларына, таратпау проблемасына, атом энергетикасы мен ғылымды қажетсінетін технологиялар проблемасына арналған мақалалар мен біртума очерктерден тұратын  ғылыми-техникалық журнал.

Жинақ 2000 жылғы қаңтардан бастап шығады және әр тоқсан сайын жарық көреді

Мерзімдік «ҚР ҰЯО жаршысы» ғылыми-техникалық журналы ғылым және білім саласының Қадағалау және аттестациялау жөніндегі комитетінің шешімімен физика-математикалық ғылымдар жөніндегі кандидаттық және докторлық диссертациялар материалдарын жариялауға  ұсынылған баспалар тізбесіне кіргізілген

Әрбір басылымның ғылыми редакторы осы бағыттағы ірі қазақстандық мамандардың бірі болып табылады. Жинақта басқа да ғылыми мекеме мамандарының жоғарыда аталған жұмыс бағыттары бойынша біртума мақалалары жариялана алады. Бұл жинаққа ғылыми конференциялар мен семинарларда сынаудан өткен жұмыстар ұсынылуы тиіс.

Біздің жинаққа мақала жариялау үшін мақалаларды ресімдеу ережелерімен танысыңыз.

Редакцияның мекен-жайы: 071100, Қазақстан, Курчатов қ., Ленин к-сі, 6.

Жауапты хатшы: т.ғ.д. М.Қ.Мұқышева
тел. (722-51) 2-33-35, E-mail: mukusheva(at)nnc.kz

Техникалық редактор: А.Г. Кислухин
тел. (722-51) 2-33-33, E-mail: kisluhin(at)nnc.kz