Ресімдеуге қойылатын талаптар


Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін мақалалар жарияланымға жіберілмейді. «ҚР ҰЯО Жаршысы» атты мақалалар жинағына ұсынылатын мақалаларға келесі талаптар қойылады. Мақалалар MS WORD пішімінде баспа және электронды көшірме түрінде (иілгіш дискіде немесе (attachment) файлмен қосылған электронды почта арқылы) ұсынылады. Мәтін А4 (210×297 мм) пішімдегі, жоғарғы және төменгі өрістері 30 мм, сол жақ және оң жақ өрістері 20 мм болатын парақтарда, жоғары мүмкіндікті принтерде (300-600 dpi) басылуы тиіс. Парақтарды көлбеу орналастыру рұқсат етілмейді. Жай мәтін үшін биіктігі 10 пт және тақырыптар үшін 12 пт Times New Roman қарпі қолданылады. Тақырыптар үшін (Тақырып 1, 2...) стилін қолдануды және оларды жай мәтін, кестелер және суреттердің астындағы жазулар үшін қолданбауды өтінеміз. Мәтін дара жолдар аралығы арқылы басылады, абзацтар арасында - бір бос абзац немесе абзац алдында 12 пт аралық болуы тиіс. Сол жақ жоғарғы бұрышта УДК индексі көрсетілуі тиіс. Мақаланың аты төменде бас әріптермен жазылады. Мақаланың атынан кейін 3 аралық төменде авторлардың аты-жөндері және олар мүддесін білдіретін ұйым орналасқан қаланың, елдің толық атауы жазылады. Бұдан кейін 2 бос абзац төмен түсіп немесе абзац алдында 24 пт аралық жасай отырып, негізгі мәтін басылады.

Мақалаларды жазу кезінде келесі талаптарды орындау қажет:

  • Мақалада қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде мақаланың аты, авторлардың аты-жөні және олар мүддесін білдіретін ұйым орналасқан қаланың, елдің толық атауы көрсетілген аңдатпалар (130-150 сөз) болуы тиіс;
  • Мақала мәтінінде әдеби көздерге сілтемелер тік жақшаның ішіндегі цифрамен [1] айтылу шамасына қарай беріледі. Әдебиеттердің тізімін Мемстандарт 7.1-2003бойынша көрсету қажет (мысалдарды көшіріп алыңыз);
  • Иллюстрациялар (графикалар, сұлбалар, диаграммалар) компьютерде (суреттің ені 8 немесе 14 см) немесе А4 пішімдегі парақта айқын сұлбалар түрінде тушьпен орындалуы тиіс. Суреттегі жазбаға ерекше назар аударыңыз - ол жоғарыда айтылған көлемге дейін кішірейткен жағдайда ажыратылатындай болуы тиіс. Суреттің екінші жағында оның нөмірі қойылады. Қолжазба нұсқасында өрістерде сурет орналастырылған жер көрсетіледі. Суреттер *.tif, *.gif, *.png, *.pcx, *.dxf пішімдерінің бірінде, 600 dpi мүмкіндікте жеке ұсынылуы тиіс.
  • Мәтіндегі математикалық формулалар Microsoft Equation немесе MathType объектілері ретінде терілуі тиіс. Мәтіндегі химиялық формулалар мен ұсақ суреттер Microsoft Word суреттерінің объектілері ретінде қойылуы тиіс. Тек сілтемелері бар формулаларды ғана нөмірлеу қажет.

Мақалаға келесі құжаттар қоса беріледі:

  • кафедра немесе әдістемелік кеңес отырысының баспаға ұсыну туралы хаттамасының көшірмесі;
  • сараптама актісі (сараптама қорытындысы);
  • Personal information of the author: surname, name, patronymic, degree, occupational title, department, office and home telephones, e-mail in separate sheet.
  • автор жеке парақта тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, лауазымы, кафедрасы туралы мәлімдейді және қызметі мен үйінің телефонын, электронды почтасының мекен-жайын көрсетеді.

Мәтін жіті түрде тексерілуі және саралануы тиіс. Мақаланың соңында автордың қолы қойылуы, тұрғылықты мекен-жайы, қызметі мен үйінің телефоны, электронды почтасының мекен-жайы көрсетілуі тиіс.

Редакция

Жауапты хатшы:
В.А. Витюк ф.-м.ғ.к. тел. (722-51) 3-33-33 ішкі тел. 3-75 E-mail:vityuk@nnc.kz

Техникалық редактор:
И.Г. Перепелкин
тел. (722-51) 3-33-33 ішкі тел. 3-86
E-mail: igor@nnc.kz

Редакция мекенжайы:
071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Бейбіт атом к. 2Б