A&M университеті (Техас) студенттерінің сапары


01 маусым 2018

Астана қаласындағы АҚШ Елшілігінің бөлім басшылары мен мамандары, сондай-ақ Техас университетінің Ядролық энергетика проблемалары институтының директоры д-р Кеннет Ли Педдикорд A&M университетінің студенттерімен ҚР Ұлттық ядролық орталығында болып қайтты.

Келушілер үшін ССП мұражайы мен «Тәжірибе алаңына», сондай-ақ ҚР ҰЯО-ның бірегей зерттеу базасына: «Байкал-1», ИВГ1.М, ИГР зерттеу реакторлары кешендеріне, КТМ токамагына бару ұйымдастырылды.

ИВГ1.М зерттеу реакторы отын жинақтарының конструкциялары мен олардың элементтерін пысықтауға, пайдалану және авариялық режимдерде отын жинақтарының әртүрлі типтерін сынауға, ядролық және термоядролық реакторлардың конструкциялық материалдарын реакторлық сынауға, әртүрлі материалдардың реакторлық сәулелену жағдайындағы жай-күйін зерделеуге, әрі қарай зерттеу үшін әртүрлі материалдарды сәулелендіруге бағытталған міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей эксперименттік қондырғы болып табылады.

ИГР – бұл гомогендік уран-графит актив аймағы бар, жылу нейтрондарындағы импульстік ядролық зерттеу реакторы. ИГР реакторында жүргізілген және жүргізіліп жатқан зерттеулер, әдетте, ядролық энергетикалық қондырғылардың жүйелері мен элементтерінің қауіпсіздігін негіздеу үшін ядролық реакторлардағы жылдам жүретін физикалық және жылу процестері туралы, сынау объектілерінің ауыспалы және авариялық пайдалану жағдайлардағы жұмысқа қабілеттілігі туралы, отын мен конструкциялық материалдардың жай-күйі туралы эксперименттік ақпарат алумен байланысты.

КТМ токамагын аралау барысында кешенде орындалатын зерттеулер бағдарламасы конструкциялық материалдарды сынау әдістерін пысықтауға және өлшеулердің әдістемелік базасын құруға, сондай-ақ атом энергиясы, машина жасау және энергетикалық жабдықтар саласында әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін жаңа буын өнімдерін өндіру үшін өнеркәсіптік-технологиялық негіз жасауға мүмкіндік беретіндігі атап көрсетілді.

 

  • үшін. Wikipedia сайтының деректері бойынша Техас A&M университеті (A&M немесе TAMU) – АҚШ-тың Техас штатындағы Колледж-Стейшен қаласында орналасқан жоғары білім беру мекемесі. Университет A&M университеттері жүйесіндегі озық жоғарғы оқу орны болып табылады. Үлкендігі бойынша АҚШ-тағы жетінші университет, сондай-ақ Техастағы ең үлкені.

 

 

 

СИП Токамак ИВГ 1.M ИГР студенты визит США