ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков Курчатов қаласының Құрметті азаматы атанды


28 желтоксан 2017

ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков Курчатов қаласының Құрметті азаматы атанды

 

Өскемен. АLTAYNEWS.  22 желтоқсан – Энергетиктер күні ҚР Ұлттық ядролық орталығы ұжымының Тәуелсіздік күніне және энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиынында Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов Эрлан Батырбековке қаланың Құрметті азаматы белгісін табыс етті.

         - Біз Эрлан Батырбековті кәсіпқой білгір маман, қайырымды басшы ретінде білеміз. ҚР Ұлттық ядролық орталығында оның басшылығымен атом саласындағы инновациялық технологиялар енгізіліп, шетелдік әріптестермен халықаралық ынтымақтастық кеңеюде. Курчатов қалалық мәслихатының таяудағы сессиясында депутаттар Эрлан Ғаділетұлы Батырбековке қаланың Құрметті азаматы атағын берді, - деп атап өтті Алмас Оңдақанов.

         ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков ішкі реакторлық эксперименттер және ядролық энергияны оптикалық сәулеге түрлендіру саласындағы танымал маман. Семей полигонын конверсиялау жөніндегі сарапшы. Оның жарияланымдарының тізімінде ядролық энергетика, ядролық энергияны түрлендіру, ядролық қозатын плазма физикасы бойынша 100-ден астам баспа жұмыстары, оның ішінде «Ғарыштық мақсаттағы лазерлер мен ядролық-энергетикалық қондырғы реакторын жасаудың физикалық проблемалары» монографиясы бар.  

 

Екатерина Гуляева

 

активность биографии Курчатов поздравление