Болашақ энергиясын тұрақты дамытуға үлес


14 шілде 2017

2017 жылғы 12 шілдеде ЭКСПО-2017 жоспарланған іс-шаралары шеңберінде Чех Республикасының павильонында «Чех және қазақстандық компаниялардың болашақ энергиясын дамытуға бірлескен үлесі» атты конференция өтті.

Конференция ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің және Чех Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрі Йиржи Гавличектің төрағалық етуімен өтті. Конференцияға бас директор Эрлан Батырбеков бастаған ҚР ҰЯО делегациясы қатысты.

Конференция қатысушылары Чех Республикасы мен Қазақстан Республикасының жетекші компаниялары мен институттарының қызметі туралы баяндамаларын ұсынды.

«Атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық» дөңгелек үстелінің жұмысы барысында ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен чех компанияларының радиоэкология және атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық жолдары белгіленді. ҚР ҰЯО объектілеріне Чех Республикасы техника мамандарының сапары жоспарланды.

международное сотрудничество