Корея Республикасындағы кездесулер


05 шілде 2019

 

         Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылған таратпау және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы KINAC-пен (Таратпау және бақылау жөніндегі Корея институты) қол жеткізілген уағдаластықтың жалғасы ретінде Корея Республикасының Тэджон қаласындағы KINAC штаб пәтерінде ҚР ҰЯО РМК мен KINAC басшылығының келіссөздері өтті.

2019 жылғы 2 шілдеде өткен кездесуде таратпау, ядролық физикалық қауіпсіздік және басқа да жұмыс бағыттары саласындағы қатысушы ұйымдардың қызметі туралы баяндамалар ұсынылды. Кореялық тарап ҚР ҰЯО РМК-ның ССП-ны конверсиялау жөніндегі қызметімен байланысты тәжірибесі мен біліктілігіне қызығушылық білдірді.

Ресми кездесулер соңында екіжақты келіссөздер жүргізіліп, KINAC жаттығу орталығы негізінде ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын кадрларды даярлау және біліктілігін арттыруға байланысты алдағы ынтымақтастықтың бағыттары туралы мәселелер талқыланды.

 

 

 

 

СИП международное сотрудничество Ядерная безопасность обмен опытом KINAC Республика Корея РГП НЯЦ РК