Түркістан облысының Арыс қаласында болған қайғылы


28 Маусым 2019

Түркістан облысының Арыс қаласында болған қайғылы оқиға біздің әрқайсымыздың жүрегімізге ауыр тиді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Арыс қаласының барша тұрғындарына қолдау білдіреді. Шығыс Қазақстан облысының «Парыз» қоғамдық қайырымдылық қорына кәсіпорын қызметкерлерінің бір күндік табысы – 10 миллион теңге аударылды. 

Бұған қоса Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері Арыс қаласының тұрғындарына материалдық көмек ретінде қайырымдылық қорына аударылатын ақшалай қаражатты ерікті түрде жинауды да жүзеге асыруда.

РГП НЯЦ РК Помощь жителям города Арыс