АҚШ Елшісі Уильям Х. Мозер ҚР Ұлттық ядролық орталығының объектілеріне барып қайтты


15 Мамыр 2019

 

         Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күні АҚШ Елшісі Уильям Х. Мозер «Байкал-1» зерттеу реакторлары  кешеніне барып, атом энергетикасын дамыту саласындағы және ядролық қаруды таратпау мәселелерін шешудегі қазақстандық-америкалық ынтымақтастық шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты.

Атап айтқанда, БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын тасымалдау және сақтау жөніндегі бірегей жобаны іске асыру, объектілердің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету нәтижелері ұсынылды. Сондай-ақ зерттеу реакторларын төмен байытылған отынға конверсиялау бойынша ағымдағы жұмыстармен танысты.

Артынан дөңгелек үстел отырысында АҚШ Елшісі Уильям Х. Мозер АҚШ және Қазақстан ұйымдарының атом энергетикасын дамыту және таратпау мәселелерін шешу саласындағы 25 жылдық қызметінің нәтижелеріне жоғары баға беріп, ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасатынына сенімділік білдірді.

         Сапардың екінші күні Семей сынақ полигонында орналасқан «Тәжірибе алаңы» мен «Дегелең» алаңдарына бару жоспарланды.  

        

СИП Ядерная безопасность исследовательские реакторы няц рк визит США