ҚР Ұлттық ядролық орталығы зерттеу реакторларының қауіпсіздігі мәселелерін талқылауға қатысты


08 сәуір 2019

       Зерттеу реакторларының қауіпсіздігіне қатысты тәртіп кодексін қолдану жөніндегі өңірлік жиналысты өткізу алаңы Ядролық бақылау жөніндегі федералдық агенттік (Брюссель, Бельгия) болды. Атап айтқанда жабдықтың ескіруін басқару және қауіпсіздікті мерзімдік талдау мәселелері қаралды.

Тәжірибе алмасу үшін зерттеу реакторларын пайдалану ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ зерттеу реакторларының қауіпсіздігін қадағалау бойынша жауапты реттеуші органдардың қызметкерлері шақырылды. ҚР ҰЯО РМК атынан ИГР ЗРК пайдалану және сынау қызметінің инженері Святослав Журкин қатысты.

         Сессиялардың жұмысы барысында ескіруді жүйелі басқару бағдарламасының элементтері, зерттеу реакторларын қауіпсіз пайдалануды жалғастыру, ескіруді басқарудың техникалық қызмет көрсету, мерзімдік сынаулар мен инспекциялар сияқты басқа да техникалық салалармен және бағдарламалармен өзара іс-қимылы, жабдықтарды тексеру және қауіпсіздікті мерзімдік талдау, сондай-ақ ескіруді басқарудың тиімді бағдарламаларын құруға арналған ортақ мүддені білдіретін мәселелер мен оларды шешу тәсілдері қаралды.

         Сондай-ақ жиын барысында, сондай-ақ зерттеу реакторларының қауіпсіздігіне қатысты МАГАТЭ қызметтері, соның ішінде ұзақ уақыт пайдалану (SALTO) шеңберінде атом электр станцияларының қауіпсіздігін бағалау қауіпсіздігін қарау жөніндегі МАГАТЭ миссиясының әдіснамасы негізінде таяуда құрылған ескіруді басқару және қауіпсіз пайдалануды жалғастыру қызметі бойынша пікірталастар жүргізілді.   

         Жиын соңында қатысушылар Кодекс негізінде алда тұрған өңірлік іс-шараларды, оның ішінде 2020 жылы Вена қаласында өткізу жоспарланған Кодекс бойынша халықаралық жиналысты ұйымдастыру ұсыныстарын талқылады.

           

международное сотрудничество совещание Ядерная безопасность исследовательские реакторы ИГР МАГАТЭ SALTO Бельгия Брюссель