Жаңа бағыт


28 Қаңтар 2019

ҚР Ұлттық ядролық орталғын дамыту стратегиясында тағы бір жаңа бағыт пайда болды, ол – басқарылатын термоядролық синтез технологияларын дамыту. Плазма физикасы мен басқарылатын термоядролық синтез саласындағы күрделі ғылыми-зерттеу міндеттемелерін шешу үшін қазақстандық материалтану Токамагы КТМ құрылды, сонымен қатар 2018 жылы материалдарды термоядролық реактор жағдайында сынауға арналған жаңа зертхана ашылды. Зертхананы жас маман Арман Миниязов басқарады, ол жаңа бағыт шеңберңіндегі жұмыстардың ағымдағы жай-күйі туралы төмендегідей ой бөлісті:

- Қазіргі таңда зертханада плазманың ИТЭР диверторының материалымен өзара әрекеттесуін зерттеуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстармен қатар зертханада плазма диагностикасы жөніндегі бағыт дамытылуда, заманауи жабдықтағы эксперименттік міндеттердің бірқатарына егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі.

Бүгінде біз бекітілген ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберінде вольфрам диверторы материалы бетінің жабынын алу жөніндегі міндеттерді іске асырдық. Плазма диагностикасы жөніндегі жұмыстар МИФИ ҰЯЗУ-дағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі, сонымен қатар іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде біз КТМ Токамагының диагностикалау жабдығын сынау жөніндегі міндеттерді олармен бірлесіп шешеміз.  

Сол сияқты біздің плазма физикасы мен реактор материалдарын зерделеу саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар жетекші жас қызметкерлеріміздің біліктілігінің жоғары деңгейін атап айтуды маңызды деп есептеймін. Сөзімнің дәлелі ретінде былтыр Алғашқы Президент Қорының қаржылық қолдауы шеңберінде МИФИ ҰЯЗУ-да машықтандыру өтіп келген зертхананың жетекші инженері Соколов Игорьдің ғылыми қызметін мысалға келтіруіме болады. Зертханамыздың тағы екі жас қызметкері болашақ ғылыми-зерттеу жобаларына негіз болатын жаңа зерттеу нәтижелеріне қол жеткізгені үшін 2018 жылы ҚР ҰЯО бас директоры Э.Ғ. Батырбековтың атаулы стипендиясына ие болды. 

Егер үстіміздегі жылы көзделген мақсаттарды жиынтықтап қарастыратын болсақ, жаңа зертхананың жас ғалымдары қазақстандық Токамак термоядролық материалтану реакторы мен ИТЭР реакторын құру мен пайдалануды ғылыми-техникалық сүйемелдеу жобаларымен және жоспарларымен тікелей байланысты эксперименттік сынақтарды техникалық іске асыру бойынша ауқымды жұмыстарды жоспарлап отыр.

Жас ғалымдарымыздың күш-жігері мен жинақтаған іс-тәжірибесі алдағы уақыттағы перспективалы материалдар мен жаңа технологияларды енгізе отырып орындалатын ғылыми жаңалықтар үшін жақсы негіз болатынына сенімдіміз.

 

Молодые учёные Токамак международное сотрудничество исследовательские реакторы термоядерный синтез стипендиаты няц рк МИФИ ИТЭР