«Атом» жеңісті «Шахтерға» қолдан бермеді


15 Қаңтар 2019

    Қазіргі уақытта Қазақстанның әрбір қаласында шайбалы хоккейден әуесқой командалар бар. Курчатов қаласында да жанкүйерлерін әрдайым жеңістерімен қуантып жүрген «Атом» хоккей командасы бар.

    2019 жылғы 13 қаңтарда Курчатов қаласының командасы тұрақты түрде қатысып жүрген шайбалы хоккейден жыл сайынғы әуесқойлар турнирінің біріншісі өткізілді.

    2018-2019 жылғы кезеңде алғашқы ашық турнир Озерка селосында клуб меценаттары Н. Сысоев пен А.С. Тюнинді еске алуға арнап өткізілді. Ашық жарыстар мәртебесі тек қалалық командалар өкілдерінің ғана емес, ШҚО аудандарынан келген хоккейшілердің де кубок үшін күресуіне мүмкіндік берді. Мұз айдынына барлығы алты команда шықты: «Локомотив» және «Озерки» (Семей қаласы), «Атом» (Курчатов қаласы), «Таврия» (Ұлан ауданы), «Пролетарка» (Ақши селосы), ал Жезкент кенті үшін «Шахтер» командасы ойнады. Турнир топтық жүйе бойынша өтті.

      Жеребе тастау жолымен барлық алты команда екі-екіден топқа бөлініп, бір-бірімен ойнады. Жарыс қорытындылары бойынша командалар жинаған ұпай сандарына қарай турнирлік кестеге орналасты. Барлық командалардың ойыны қызу әрі тартысты түрде өтті, бірақ өкінішке орай жарақат алу оқиғасы да орын алды. «Атом» және «Шахтер» командалары өз топтарындағы үздіктер қатарына шығып, басты жарыста турнир кубогі үшін жарысқа түсті.

      Финалдық ойын қорытындысы бойынша құрмет кубогін 4:2 есебімен «Атом» командасының хоккейшілері жеңіп алды. Күміс жүлде Бородулиха ауданының «Шахтер» әуесқойлар командасына бұйырды.

     Сонымен қатар төрешілер штабы турнирдің әртүрлі номинациялары бойынша үздік ойыншыларды анықтады. Осылайша, турнирдің «Үздік қақпашы» атағын Курчатов қаласының хоккей командасының ойыншысы Владимир Сергеев иеленді.

       Турнирдің басты олжасы – кубок біздің қалада бір жыл болады да, келесі кезеңдегі ойында ұтып алу үшін қойылатын болады.

      «Атом» хоккей клубын лайықты жеңісімен құттықтаймыз және алдағы ойындарда бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне тілектеспіз!

 

Курчатов поздравления няц рк хоккей "Атом"