Минскідегі халықаралық семинар


26 қазан 2018

 

         2018 жылғы 15-19 қазан аралығында Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында «Сосны бірлескен энергетикалық және ядролық зерттеулер институты» негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің негізгі ұйымының кеңесші органының ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық зерттеу реакторларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ақпарат алмасу жөніндегі бесінші отырысы болып өтті.   

         Отырыста ТМД-ның пайдаланушы ұйымдарының жұмысында қолдану үшін ядролық қондырғыларды пайдалану қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру жолдары туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындау мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық зерттеу қондырғыларын пайдалану тәжірибесі туралы деректерді жинау, талдау және пайдалану мәселелері талқыланды.

         Аталған отырысқа ҚР Ұлттық ядролық орталығы атынан «Байкал-1» ЗРК бас инженері Вячеслав Гныря қатысты. Кеңейтілген отырыс шеңберінде сенімділік пен қауіпсіздікті арттыру мақсатында ИВГ.1М зерттеу реакторын төмен байытылған отынға конверсиялау және реактордың технологиялық жүйелерін жаңғырту жөніндегі жұмыстар туралы презентация ұсынылды.

         Жалпы алғанда бес күндік семинар қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің негізгі ұйымдарының ядролық зерттеу қондырғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметі Достастық шеңберіндегі салалық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға қосылған қомақты үлес болып табылатыны туралы қорытынды жасауға болады. Негізгі ұйымдар жұмысының жинақтаған тәжірибесі аталған ынтымақтастық түрінің болашағы бар екенін көрсетеді. Халықаралық семинарларды мұндай форматта өткізу ядролық зерттеу қондырғыларының қауіпсіздік деңгейін және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді  бақылау тиімділігін  арттыру іс-шараларын іске асыру барысында ақпарат алмасу үшін олардың жеткілікті және тиімді екенін көрсетеді.

         Кездесулер барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің нормативтік-техникалық базасын жақындату, ақпарат алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, әдістемелік құралдарды әзірлеуге көмектесу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

         ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің негізгі ұйымдарының қызмет нәтижелері олардың ТМД кеңістігіндегі салалық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға қосқан үлесінің көрсеткіші болып табылады.

 

 

международное сотрудничество Ядерная безопасность ИВГ 1.M исследовательские реакторы няц рк обмен опытом Минск заседание