ИВГ.1М реакторы


ИВГ.1М зерттеу реакторы жоғарытемпературалы газбен салқындатылатын реакторлардың, соның ішінде ядролық ракета қозғалтқыштары (ЯРД) реакторларының және ядролық энергоқозғалтқыш қондырғылардың (ЯЭДУ) жылубөлуші жинақтары (ЖБЖ) мен активті аймақтарының сынауларына арналған ИВГ.1 реакторының жаңғыртылған түрі болып табылады.

ИВГ.1М реакторы төмендегідей міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді:

  • жұмыстың пайдалану режимдерінде ЖБЖ әртүрлі типтерін пысықтау;
  • ЖБЖ конструкциялық материалдарының реакторлық сынаулары;
  • ЖБЖ конструкциялары мен оның элементтерін пысықтау;
  • ықтимал апаттық оқиғаларды және оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды зерттеу.

Техникалық сипаттамалар

Жылулық қуат 72 МВт
Активті аймақтың тиімді диаметрі 548 мм
Активті аймақтың биіктігі 800 мм
Активті аймақтағы урана-235 мөлшері 4,6 кг
Жылулық нейтрондар ағынының тығыздығы 3,5×1014 н/см2·c
Реактор арқылы өтетін су шығыны до 380 кг/с
Судың ең жоғары температурасы 950°С

Реакторда соңғы уақытта өткізілген неғұрлым маңызды жұмыстар мыналар болып табылады:

  • халықаралық термоядролық эксперименттік реактордың (ИТЭР) конструкциялық материалдарының сутегімен және оның изотоптарымен реакторлық сәулелену жағдайларында өзара әрекеттесуін зерттеу;
  • атом энергетикасының қауіпсіздігін негіздеуде реакторлық сәулеленудің атмосферада сейілуін зерттеу.