09-06-2010 08:31
2010 жылғы 1-5 маусым аралығында Радиациялық қауіпсіздік және экология институтында МАГАТЭ сараптау миссиясының отырысы болып өтті, бұл отырыста бұрынғы Семей сынақ полигонының «солтүстік аумақтарын» халық шаруашылығы айналымына беру мақсатында мемлекеттік сараптама жүргізу үшін даярланған кешенді радиоэкологиялық зерттеу материалдары ұсынылды. Отырысқа МАГАТЭ өкілдері С. Фесенко және Герхард Прёль, МАГАТЭ сараптау тобының мүшелері Свен Пол Нильсен (Дания), Кирсти-Лиза Соеблом (Финляндия) және Валерий Кашпаров (Украина), РФ өкілі, «Ресей-Қазақстан» үйлестіру тобының сарапшысы Ю.В.Дубасов (Санкт-Петербург), ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің атынан Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Экологиялық сараптама басқармасының бас сарапшысы А.Б. Әбішева (Астана) және Курчатов қаласы бойынша мемлекеттік инспектор Л.К. Бралинова, Жер ресурстарын басқару агенттігінің атынан өңіраралық жер инспекциясының, сондай-ақ «ВостокНПЦзем» еншілес кәсіпорнының мамандары қатысты. Отырысқа қатысушылар үлкен көлемде жұмыстар атқарылғандығын атап өтті және ҚР ҰЯО РМК мамандарының ССП-ның «солтүстік аумақтарын» халық шаруашылығы айналымына беру мүмкіндігі туралы ұсынысымен түбірінен келісетіндіктерін білдірді.