Жаңалықтар

24-05-2010 10:10

2010 жылғы 17-19 мамыр аралығында ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ Х-шы мерейтойлық конференция-конкурсы өткізілді.

  Жыл сайынғы ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ Х-конференция-конкурсының жұмысына қазылар алқасының қарауына ұсынылған жас ғалымдар мен мамандардың 35 жұмысы қатыстырылды. Конкурстан тыс 4 жұмыс қаралды.

Солардың ішінде: ЯФИ ЕМК - 13 жұмыс; ГЗИ ЕМК - 4 жұмыс; РҚЭИ ЕМК - 6 жұмыс; АЭИ ЕМК - 11 жұмыс; ҚР ҰЯО РМК - 1 жұмыс. Бағыттар бойынша: іргелі зерттеулер - 6; инженерлік-техникалық жұмыстар - 10; қолданбалы зерттеулер - 19.

Конкурсқа ұсынылған жұмыстар жоғары ғылыми деңгеде болды және жоғары инновациялық технологиялар, іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы мамандардың үлкен қызығушылығын туындатты.

Жүлделі орындарды анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың келесі өлшемдер бойынша жинаған ұпай сандары ескерілді:

  • 1) жұмыстың өзектілігі;
  • 2) іс жүзіндегі құндылығы (баяндамада көтерілген мәселенің маңыздылығы);
  • 3) ғылыми, инженерлік деңгейі, нәтижелерінің жаңашылдығы;
  • 4) жұмыстың аяқталу дәрежесі;
  • 5) конкурсқа қатысушының қосқан жеке үлесі;
  • 6) мазмұндау мәнері мен материалды меңгеру деңгейі;

бағыттардың ерекшелігі бойынша келесілер ескерілді:

  • іргелі - жарияланым деңгейі;
  • инженерлік-техникалық - техникалық шешімдер бағасы;
  • қолданбалы - бәсекеге қабілеттілігі.

 

Талқылаудан кейін және ұпай сандарын есептеген соң қазылар алқасы төмендегідей шешім қабылдады:

I. Бірінші орын, диплом және 70 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы ең жоғары ұпай саны бойынша «ҚР ҰЯО станцияларының деректері бойынша сейсмикалық шуыл параметрлерінің уақыттық вариациялары» атты жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер) Гордиенко Дмитрий Дмитриевичке - ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының кіші ғылыми қызметкеріне тағайындалсын.

II. Екінші орын, диплом және 45 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы:                 1. Жолдыбаев Тимур Қадыржанұлына - ҚР ҰЯО Ядролық физика институтының ядролық процестер зертханасының ғылыми қызметкеріне «Ep = 30.0 МэВ кезіндегі 120Sn (p,xp) және (p,xα) реакцияларының инклюзивтік спектрлері» атты жұмысы үшін (іргелі зерттеулер);

2. Каширский Владимир Владимировичке - ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімі, спектрометрлік зерттеулер тобының жетекшісіне «ССП негізгі сынақ алаңдарының топырағындағы 241Pu және 241Am активтілік қатынастарын зерттеу» атты жұмысы үшін (инженерлік-техникалық зерттеулер) тағайындалсын. 

III. Үшінші орын, диплом және 30 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы: 1. Рубан Сергей Владимировичке - ҚР ҰЯО Ядролық физика институтының радиациялық материалтану зертханасының инженеріне, «Сәулеленбеген және нейтрондармен сәулеленген 12х18н10т метатұрақты болаттағы «деформация толқынын» эксперименттік зерттеу» атты жұмысы үшін (іргелі зерттеулер);

2. Ізбасқанова Әлия Тұрсынқызына - ҚР ҰЯО Атом энергиясы институтының ИГР реактор кешені технологиялық қызметінің жетекші инженеріне «Материалдардың радиациялық қызуын зерттеу үшін ИГР реакторының жұмыс параметрлерін таңдау және негіздеу» атты жұмысы үшін (қолданбалы зерттеулер);

3. Жақанбаев Елдар Асхатұлына - ҚР ҰЯО Ядролық физика институтының иондық-плазмалық зертханасының кіші ғылыми қызметкеріне «Наноқұрылымдардың асқын өткізгіштің қасиеттеріне әсері» атты жұмысы үшін (іргелі зерттеулер) тағайындалсын.

Ынталандыру дипломдары мен сыйлықтар келесі номинациялар бойынша тапсырылсын:

 

Үздік оратор - Макаров Дмитрий Алексеевич (ҚР ҰЯО АЭИ)

Үздік инновациялық идея - Беделбекова Кәмшат Азатқызы (ҚР ҰЯО ЯФИ)

Үздік ұсынылған жұмыс - Эдомская Мария Александровна (ҚР ҰЯО ЯФИ)

                                           - Паницкий Андрей Васильевич (ҚР ҰЯО РҚЭИ)

Белсенді қатысушы - Бакланова Юлия Юрьевна (ҚР ҰЯО АЭИ)

                                  - Захарова Ольга Владимировна (ҚР ҰЯО ГЗИ)

Қазылар көзайымы - Алдабергенова Тамара Мұстафақызы (ҚР ҰЯО ЯФИ)

 

Конкурстан тыс ұсынылған үздік жұмыс үшін берілетін қазылардың ынталандыру сыйлығы:

Сураев Артур Сергеевичке, Дербышев Эльдар Камильевке (Шәкәрім атындағы СМУ) және Сауханбек Ерікжан Нұрланұлына (Л. Гумилев атындағы ЕҰУ) тапсырылсын.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, конкурсқа қатысушыларға, қазылар алқасына, ғылыми жұмыс жетекшілеріне, институттардың басшыларына, конференция-конкурс жұмысына қатысқан ҚР ҰЯО-ның барлық мамандарына алғысымызды білдіреміз! Келешек зерттеулерде жетістіктерге жете беріңіздер, келесі ХІ конференция-конкурста жүздескенше!


Back