Жаңалықтар

30-11-2009 02:49

Ғылымды, білімді, инновацияларды ықпалдастыру – тұрақты даму негіздері

 Алексей Сисакян 2009 жылғы 19-20 қараша аралығында Астана қаласында «Біріккен ядролық зерттеулер институты» халықаралық үкіметаралық ұйымы Уәкілетті өкілдер комитетінің (БЯЗИ УӨК) сессиясы болып өтті.

Сессия барысында физика-математка ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының тілші мүшесі, БЯЗИ директоры Алексей Сисакян атап өткендей, «Комитеттің алғаш рет Астана қаласында жылжымалы сесссия өткізіп отырғандығы кездейсоқ емес. Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары институт қызметіне барлық жұмыс бағыттары бойынша белсенді түрде қатысып келеді. ҚР мен БЯЗИ-дің бірлескен күшімен Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанынан ҚР Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының бірегей пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені құрылды. Біріккен ядролық зерттеулер институтының директоры болып өткен отырыс Қазақстанның ғылыми орталықтармен ынтамықтастық тарихында жаңа парақты ашып қана қоймай, сонымен қатар БЯЗИ-ге қатысушы барлық елдердің игілігі үшін қызмет етіп жатқан институтты бұдан әрі дамытуға жаңа қарқын береді деп сенім білдірді.  

 «Ғылымды, білімді, инновацияларды ықпалдастыру - тұрақты даму негіздері» атты тақырыптағы дөңгелек үстел отырысы жылжымалы сессия шеңберінде 2009 жылғы 20 қарашада өткізілді (Қазақстан).

«Дөңгелек үстел» отырысында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің мемлекеттік бағдарламалар басқармасының бастығы А.К.Иманмәдиев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры профессор Қ.К.Кәдіржанов, ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының директоры Е.Ә.Кенжин, ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры С.Н.Лукашенко, БЯЗИ Ядролық зреакциялар зертханасының директоры профессор С.Н.Дмитриев, БЯЗИ Жоғарғы энергиялар физикасы зертханасының директоры профессор В.Д.Кекелидзе, «Дубна» университетінің ректоры профессор Д.В.Фурсаев баяндама оқыды.

«Дубна» ерекше экономикалық аймағындағы инновациялық қызметті дамыту мақсатында жасалған мүмкіндіктер жөніндегі баяндамамен Мәскеу облысы бойынша Ресей ерекше экономикалық аймағының аумақтық басқарма басшысы А.А.Рац сөйледі.

БЯЗИ мүшелігіндегі үкіметтердің уәкілетті өкілдер комитетінің Астанадағы сессиясы басқа да маңызды іс-шаралардың бірқатарымен сәйкес келді:

-  Бірлескен ядролық зерттеулер институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, Дубнаның Халықаралық табиғат, қоғам және адам институты және Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында ядролық физика бойынша бакалаврлар мен магистрларды бірлесіп даярлау туралы төртжақты келісімге қол қойылды. УӨК сессиясының мүшелері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды, онда БЯЗИ-да әзірленген және жасап шығарылған циклотрон негізіндегі Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенімен танысты, бұл кешен бүгін де үш негізгі: ғылым - білім - инновация бағытында жұмыс істеуде.

-  Дубна және Курчатов (Қазақстан) қалаларының басшылары туыстастық қатынастар орнату мақсатында Жан-жақты достық байланыстарын дамыту ниетін көздейтін хаттамаға қол қойды.


Back