Жаңалықтар

24-11-2009 12:56

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы 

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, қаулы етемін:1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы Мемлекеттік сыйлығы мына авторларға:

1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика инс­титутының жетілдірілген эксперимент­тік ядролық-физикалық қондырғылары ба­засында ядролық және радиациялық фи­зика саласындағы іргелі зерттеулер және олардың негізінде ядролық және радиация­лық технологиялар кұру» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, фи­зи­ка-математика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Камалұлы Кәдір­жановқа;Қазақстан Республикасы Ұлттық ядро­лық орталығының Ядролық физика инс­титуты зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғадлет Андиянұлы Батырбековке;Қазақстан Республикасы Ұлттық ядро­лық орталығы бас директорының орын­басары Александр Николаевич Борисен­коға;Қазақстан Республикасы Ұлттық ядро­лық орталығының Ядролық физика инс­титуты зертханасының меңгерушісі, фи­зи­ка-математика ғылымдарының докторы, про­фессор Әлнұр Дүйсебайұлы Дүйсе­баевқа;Қазақстан Республикасы Ұлттық ядро­лық орталығының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының док­то­ры, профессор Жеңіс Рахметұлы Жота­баевқа;Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының үдету кешені бөлімінің бас инженері Сергей Николаевич Лысухинге;Қазақстан Республикасы Ұлттық ядро­лық орталығының Ядролық физика институты зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, про­фессор Олег Прокопьевич Максим­кинге;Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Әділ Жианшахұлы Төлеуішевке;

2) «Минерагения және Қазақстанның минералдық шикізат ресурстарын дамытудың перспективалары» жұмысы үшін:«Қ.И.Сәтбаев атындағы геологиялық ғы­лымдар институты» ЖШС-ның бас ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік акаде­миясының академигі Эдгард Славомирович Воцалевскийге;«Қ.И.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты» ЖШС-ның жетекші ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Николай Мифодьевич Жуковқа;«Қ.И.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты» ЖШС-ның зертхана жетекшісі, геология-минералогия ғылым­дары­ның докторы, профессор Леонид Александрович Мирошниченкоға;«Қ.И. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты» ЖШС-ның директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Болат Мамытханұлы Рақышевқа;Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер койнауын пайдалану комитеті «Қазгеоақпарат» республикалық гео­логиялық ақпарат орталығының бұрын­ғы басшысы, зейнеткер, геология-мине­ра­логия ғылымдарының докторы Сиезбек Аманбекұлы Ақылбековке;Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану ко­митетінің төрағасы, геология-минера­ло­гия ғылымдарының докторы Болат Сұлтанұлы Өжкеновке;3) «Еркін алгебралардың автоморфизмдері мен ішкі алгебралары» жұмысы үшін:Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі, физика-мате­ма­тика ғылымдарының докторы, профессор Уалбай Үтмаханбетұлы Өмірбаевқа берілсін.2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Қазақстан Республикасының Президенті

 Н. Назарбаев

 Астана, Ақорда, 2009 жылғы қарашаның 9-ы. № 885


Back