ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХVIІ конференция-конкурсы

Курчатов қ., ШҚО, Қазақстан Республикасы , 16 - 18 Мамыр 2018

ОРГАНИЗАТОРЫ КОНФЕРЕНЦИИ

ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны


2018 жылғы 18 мамырда ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХVII конференция-конкурсы өз жұмысын аяқтады.

Әділ қазылар алқасының қарауына жас ғалымдар мен мамандардың 42 жұмысы ұсынылды.

Барлық баяндамалар тыңдалғаннан кейін әділ қазылар хатшылығына 9 рейтингілік дауыс беру бюллетені келіп түсті.

Жүлделі орындарды анықтау кезінде конкурсанттардың мына өлшемдер бойынша жинаған балдар саны ескерілді:

1)  жұмыстың өзектілігі;

2) практикалық құндылығы (айтылған проблема үшін маңыздылығы);

3) деңгейі – ғылыми, инженерлік, нәтижелерінің жаңашылдығы;

4) жұмыстың аяқталу дәрежесі;

5) конкурсанттың қосқан жеке үлесі;

6) мазмұндау стилі және материалды игеру деңгейі.  

 

Бағыттардың ерекшелігі ескерілгендегі бағалаудың қосымша өлшемдері:

  • іргелі – жарияланымдардың деңгейі;
  • инженерлік-техникалық – техникалық шешімдерді бағалау;
  • қолданбалы – іс жүзінде қолдану.

 

Конференция-конкурстың нәтижелері:

 

І. Бірінші орын, диплом және ақшалай сыйлық:

ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының радиологиялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің инженері Кривицкий Павел Евгеньевичке, «Сарыөзен» алаңындағы радиоактивті ластанған объектілерді оңалту әдіснамасын әзірлеу» жұмысы үшін берілді – қолданбалы зерттеулер.

 

ІІ. Екінші орын, дипломдар және ақшалай сыйлық:

1. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының инженері Букина Ольга Сергеевнаға, «ИГР реакторының ТБУ-отыны графитін рентгенқұрылымдық зерттеу» жұмысы үшін берілді – инженерлік-техникалық.

2. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің инженері Жапашева Жанна Ерсінқызына, «Сатылы сүзу әдісімен ССП-ның беткі суларындағы техногенді радионуклидтердің формаларын анықтау» жұмысы үшін берілді – қолданбалы зерттеулер.

 

ІІІ. Үшінші орын, дипломдар және ақшалай сыйлық:

1. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің ішкіарналық сынақтар зертханасының инженері Самарханов Қуаныш Қанатұлына, «Ядролық реакциялар энергиясының оптикалық сәулелену энергиясына түрленуін зерттеу» жұмысы үшін берілді – іргелі зерттеулер.

2. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының кіші ғылыми қызметкері Гречаник Алексей Дмитриевичке, «BWR-дегі ауыр авария кезінде  актив аймақ балқымасының ішкі корпус материалдарымен өзара әрекеттесуін эксперименттік моделдеу нәтижелері» жұмысы үшін берілді – қолданбалы зерттеулер.

3. ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының реакторлық қондырғыларды әзірлеу және сынау бөлімінің реактор отынын сынау зертханасының 2-санатты инженері Жағыпарова Ләйлә Қалыққызына, «Эксперименттік құрылғының нейтрондық-физикалық сипаттамаларын есептік зерттеу» жұмысы үшін берілді – қолданбалы зерттеулер.

 

ІV. Грамоталар мен ақшалай ынталандыру сыйлықтары төмендегілерге берілді:

Үздік ресімделген жұмыс үшін

- ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің ішкіарналық сынақтар зертханасының инженері Бочков Вадим Сергеевичке, «Газ және булы газ қоспаларының ядролық және термоядролық қондырғылардың графит материалдарымен өзара әрекеттесуін кешенді зерттеу әдістемесін әзірлеу, жасау және сынау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.

 

Жұмыстың сонылығы үшін

- ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің эпидемиологиялық және биодозиметрлік зерттеу тобының эпидемиолог маманы Кенесарина Айнұр Оразқызына, «Семей сынақ полигонына іргелес аумақта тұратын халықтың тұрақты транслокацияларының өңірлік аялық жиілігін анықтау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.

 

Үздік шешен

- ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының талдамалы зерттеулер бөлімінің элементтік талдау зертханасының 2-санатты инженері Теміржанова Арай Ермекқызына, «Плазмамен индукциялы байланысқан масс-спектрометрия әдісімен элементтік құрамын анықтау үшін ауа аэрозолдерінің қатты бөлшектерінің сынамаларын оңтайлы дайындау тәсілін таңдау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.

 

Белсенді қатысушыға

- ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК-ның радиациялық материалтану зертханасының кіші ғылыми қызметкері Мережко Михаил Сергеевичке «Сәулеленген метатұрақты аустениттік болаттардағы локалдық деформациялардың пайда болуы және дамуы» жұмысы үшін – іргелі зерттеулер.

 

        Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары төмендегілерге берілді:

 

        ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалынан

 

  • үздік эксперименттік жұмысы үшін Қожахметов Ернат Әбілхайырұлына, «Ұзақ уақыт изотермиялық босаңдатудан кейін сәулеленген конструкциялық материалдардың құрылымдық-фазалық күйі мен физика-механикалық қасиеттерінің өзгеруі» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер;
  • атом энергетикасының қауіпсіздігі саласындағы үздік жұмысы үшін Цхе Валентин Константиновичке, «ИГР реакторын «импульс» режимінде іске қосу үшін қажет реактивтілік қорын есептік-эксперименттік анықтау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер;
  • экология саласындағы үздік жұмысы үшін Богатырева Татьяна Юрьевнаға, «Семей сынақ полигоны аумағының топырағынан техногендік радионуклидтерді табиғи суға сілтісіздендіру» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер;
  • үздік инновациялық жұмысы үшін Ильиных Станислав Алексеевичке, «ИВГ.1М зерттеу реакторының ақпараттық-өлшеу жүйесін жаңғыртудың үшінші кезеңі» жұмысы үшін – инженерлік-техникалық ізденістер;
  • жаңа материалдарды дайындаудағы заманауи көзқарасы үшін Сұлтанғазина Маржан Нұрланқызына, «Сұйық фазада электр доғалы әдіспен кең ауқымда пайдалануға арналған нано және микроұнтақтарды алу технологиясы» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер;
  • жаңалықтар барынша көп қамтылған жұмысы үшін Соколов Игорь Андреевичке, «Вольфрамның нитрленген бетінде вольфрам түгінің пайда болуын зерттеу» – қолданбалы зерттеулер;
  • жұмысының сонылығы үшін Дубровин Виталий Викторовичке, «Жаңа инфрадыбыстық Мақаншы тобы және оның әртүрлі көздерден түскен сигналдарды тіркеудегі мүмкіндіктері» – қолданбалы зерттеулер.

 

ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы атынан

  • инновациялығы үшін Тоқтағанов Тоғжан Шалқарұлына, «ССП-ның радиациялық қауіпті учаскелерінде судың қалыптасу жағдайларын зерттеу» - қолданбалы зерттеулер;
  • жұмыстағы әлеуметтік маңыздылық үшін Оспанова Жанерке Амангелдіқызына, «Өскемен қаласы тұрғындарының шаштарындағы ауыр металдардың мөлшерін бақылау» - іргелі зерттеулер;

 

РҚЭИ институты зерттеулерінің экологиялық бағытын күшейткені үшін:

                    Круглыхин Александр Александрович

                    Кенесарин Бейбіт Ағыбайұлы марапатталады;

  • бірегей жұмыс ұсынғаны үшін

Сүлейменов Нұрболат Айдынұлы марапатталады;

 

  • белсенді қатысқаны үшін

Сержанова Зарина Бейсембайқызы,

Қаратаев Сейіл Серхилұлы марапатталады;

 

  • жас мамандарды даярлаудағы жоғары кәсіби деңгейі үшін Айдарханова Альмира Құрманқызы марапатталады,

 

  • конференция жұмысына белсене қатысқаны үшін АЭИ филиалының конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының бастығы Кукушкин Иван Михайлович марапатталады.

 

        Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің атынан

- ЖОО атынан үздік сөйлегені үшін Сабитова Радмила Радиковна марапатталады.

 

V. ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХVII конференция-конкурсының әрбір қатысушысына қатысушы сертификаты берілді.

 

VI. Мақалалар журнал талаптарына сәйкес ресімделгеннен кейін және тыңдалған конкурстық жұмыстар бойынша қаралғаннан кейін ұсынылған жұмыстарды «ҚР ҰЯО жаршысы» журналында жариялау ұсынылды.