Ұлттық ядролық орталық «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1992 жылғы 15 мамырда құрылды. E-mail: nnc(at)nnc.kz Ұйымдық құрылымы:
|
|
Ядролық физика институты
1957 жылы құрылды, 1992 жылы ҰЯО құрамына кірді.
Қызметінің негізгі бағыттары - қатты денелердің ядролық физикасы мен радиациялық материалтану саласындағы іргелі зерттеулерді дамыту, зерттеулердің ядролық-физикалық әдістерін дамыту, радиоэкология, жоғары білікті кадрлар даярлау.
URL: http://www.inp.kz/
E-mail: info(at)inp.kz
Атом энергиясы институты 1992 жылы РФ Атом энергиясы министрлігі «Луч» ғылыми-өндірістік бірлестігінің Біріккен экспедициясы негізінде құрылды. Қызметінің негізгі бағыттары - Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту бағдарламасына қолдау көрсету үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, нақты өңірлерде атом станцияларын салуды техника-экономикалық негіздеу, атом және термоядролық энергетикасының қауіпсіздігі, ғарыштық ядролық энергетикалық қондырғылар, қатты дененің радиациялық физикасы және реакторлық материалтану. E-mail: iae(at)nnc.kz
|
|
Геофизикалық зерттеулер институты 1993 жылы ҚР Геология және жер қойнауларын қорғау министрлігінің «Бурабай» геофизикалық обсерваториясы мен 35-ші геофизикалық партисының негізінде құрылды. 1994 жылдан бастап Бурабай, Қаскелең геофизикалық обсерваториялары, Мақаншы, Ақтөбе және Курчатов сейсмикалық станциялары құрылымы бойынша біріктірілді. Қызметінің негізгі бағыттары - ядролық сынауларды бақылау, олардың геологиялық-геофизикалық салдарын зерделеу, ядролық жарылыстар жасалған жердің (бейбіт жарылыстарды қоса алғанда) геологиялық ортасының жай-күйін мониторингілеу, атом энергетикасы объектілерін салу орындарын таңдауды негіздеу, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер, табиғи және техногендік сейсмикалықты тіркеу, геологиялық барлау. E-mail: igr(at)nnc.kz 1999 жылы Геофизикалық зерттеулер институтының бөлімшесі ретінде Алматыда Қазақстандық сейсмикалық деректер орталығы құрылды. URL: http://www.kndc.kz/
|
|
Радиациялық қауіпсіздік және экология институты 1993 жылы 52605 әскери бөлімінің ғылыми-өндірістік бөлімшелері мен ҚР ҰЯО радиоэкологиялық бөлімшелерінің негізінде құрылды. Қызметінің негізгі бағыттары - Қазақстан Республикасының ядролық сынаулар жүргізілген немесе радиациялық қауіпті объектілері бар өңірлерінің радиоэкологиясы және радиациялық мониторингі, радиациямен ластанған аумақтарды қайта құнарландыру, радиацияның қоршаған орта объектілеріне әсер етуінің медициналық-биологиялық аспектілері. E-mail: irbe(at)nnc.kz
|
|
Қазақ мемлекеттік жарылыс жұмыстарының ғылыми-өндірістік орталығы ҚР Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 маусымдағы № 464 «Қазақ мемлекеттік жарылыс жұмыстарының ғылыми-өндірістік орталығы туралы» қаулысымен құрылды. ҚР Үкіметінің 19.08.2002ж. № 807 қаулысымен ҚМЖЖО «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның құрамына кірді. Қызметінің негізгі бағыттары - жарылғыш материалдарды өндіру, жарылыс жұмыстарының арнайыландырылған жабдықтарын, аспаптары мен құралдарын шығару, өндірістік жарылғыш заттарды әзірлеу, сынау және қолдану жөніндегі жарылыс жұмыстарының жобалық және технологиялық құжаттамасын сараптау, өндірістік жарылғыш материалдарды дамыту, аммиак-селитралы қарапайым жарылғыш заттарды (оларды тұтыну орнында дайындай отырып), жарылыс жұмыстарын механикаландыруға арналған машиналар мен жабдықтар, технологиялық кешендер әзірлеу және қолданысқа енгізу, жарылғыш заттар өнеркәсібін ұйымдастыру және дамытумен байланысты салада ғылыми және қолданысқа енгізу қызметтерін ұсыну. 050020, Алматы қ., Лиза Чайкина к-сі, 4 |
|