Реактор ВВР-К |
Жылу нейтрондарындағы бассейн типтес реактор. Жылутасығыш, баяулатқыш және шағылдырғыш - тұзсыздандырылған су.
Пайдалануға 1967 жылы енгізілген, 10МВт жылулық қуатында 1988 жылға дейін қалыпты режимдерден ауытқымай жұмыс істеп тұрды.
1988 - 1998 жылдары жоғары сейсмикалылық жағдайларындағы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар өткізілді (есептер мен енгіздемелер, конструкцияларды нығайту, жүйелерді, қауіпсіздік үшін жауаптыларды дубльдеу, жаңа құжаттама ресімдеу). Активті аймақтың конфигурациясын өзгерту есебінен жылулық қуат 6 МВт дейін нейтронды ағындарды жоғалтпастан азайтылды.
Техникалық сипаттамалар
Жылулық қуат, МВт | 6 |
Отын | UAl4 |
Тиеу 235U, кг | 4,46 |
Байыту 235U, % | 36 |
Активті аймақтың биіктігі, мм | 600 |
Эксперименттік арна диаметрі, мм | 68 |
Жылу нейтрондары ағынының тығыздығы: | |
Орталық арнада | 1,4×1014 н/см2·с |
активті аймақтың екі арнасында | 1,1×1014 н/см2·с |
перифериялық арналарда | 1012 - 1013 н/см2·с |
Кампания ұзақтығы | 14 суток |
Реактор гидропочтамен, пневмопочтамен, әмбебап тұзақты қондырғымен, нейтронды радиография қондырғысымен, уранқұрамды сынамаларды кешігуші нейтрондар әдісімен талдауға арналған қондырғымен, конструкциялық материалдарды төзімділікке және сырғымалылыққа сынауға арналған реакторішілік қондырғылармен, жоғарыактивті материалдармен жұмыс істеуге арналған ыстық камералар тізбегімен жарақталған.
Реактор негізінде, іргелі ядролық-физикалық және материалтану зерттеулері мен реакторішілік сынаулардан басқа, медициналық радиоизотоптар мен гамма-көздер өндірісі, кремнийді нейтронды легирлеу, нейтронды-активациялық талдау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Активті аймақты төмен байытылған уранды пайдалану үшін жаңғырту мүмкіндігі зерделенуде. Ядролық қондырғыларды физикалық қорғау, ядролық материалдарды есепке алу және қадағалау бойынша ұлттық және халықаралық семинарлар өткізіліп тұрады.