"Лиана" cтенді

Реакторлық экспериментке дайындық

Реакторлық экспериментке дайындық

Реакторлық экспериментке дайындық

Реактордың пульт бөлмесіпульное

Реакторлық экспериментке дайындық

ИВГ.1М реакторына орнатылған диффузиялық ұяшықты ампулалық құрылғы

"Лиана" стенді конструкциялық материалдардағы сутегі изотоптарының ИВГ.1М реакторындағы сәулелендіру процесіндегі масса тасымалдауының жоғарытемпературалы  процестерін зерттеуге арналған.

Зерттеулер үздіксіз айдау режимінде суөтімділіктің дифференциал әдісімен жүргізіледі. Зерттелетін үлгі арқылы өтетін сутегі изотоптарының үлестік қысымын тіркеу реактор кешенінің тіркеу жүйесіне орнатылған ИПДО-1 масс-спектрометр негізіндегі компьютерленген бағдарламалық-техникалық кешенмен жүзеге асырылады.

Сутегі өтімділігінің зерттеулері ИВГ.1М реакторында шапшаң нейтрондардың 1013 н/см2c ағыны, жылулық нейтрондардың 1014 н/см2с ағыны кезінде, температуралардың 523-1023К диапазонында және сутегінің  10-2 - 106 Па кіріс қысымында Cr18Ni10Ti таттанбайтын болат, никель, V-4Cr-4Ti ванадий қорытпасы, CuCrZr мыс қорытпасы үлгілерінде орындалды.

техникалық сипаттамалары

Зерттеудің температуралық аралығы

500...1300 К

Үлгінің кіру жағындағы сутегі изотоптары қысымдарының диапазоны

102...106 Па

Үлгінің шығу жағындағы сутегі изотоптары қысымдарының диапазоны

10-4...10-7 Па