Әлем полигондарындағы ядролық қаруды сынауға бақылау жүргізу

Панорама сейсмической группы Маканчи
Мақаншы сейсмикалық тобының панорамасы  

Қазақстанның ядролық мәртебеден бас тартуы мен Семей ядролық полигонының жабылуы бір жағынан, Орталық Азияның белгілі ядролық полигондарына - батыс Қытайдағы бұрындары жұмыс істеп тұрған Лобнор полигоны, өзін 1998 жылы жариялаған Үндістан мен Пәкістандағы полигондарға жақын орналасуы екінші жақтан ядролық сынаулар мониторингінің өзектілігін анықтайды. Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 30 қыркүйекте қол қойған Ядролық жарылыстарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) сәйкес Ұлттық ядролық орталық 1994 - 2002 жылдар аралығында құрылған ҚР ҰЯО геофизикалық станцияларын және 1999 жылы құрылған Ұлттық деректер орталығы қызметін атқаратын Сейсмикалық деректерді жинау және өңдеу орталығын пайдалана отырып, ядролық сынаулар мониторингін жүзеге асырады.

Қазақстандық станциялар (Бурабай, Курчатов, Мақаншы) сигналдарды тіркеудің теңдессіз шарттарымен әлемге кеңінен танымал және үлкен қашықтықта болған ең әлсіз сейсмикалық оқиғаларды тіркеуге қабілетті. 1994-1996 жж. осы станциялармен Франция елімен Мурора полигонында жасалған және Қытаймен Лоб-Нор полигонында жасалған жерасты ядролық жарылыстары, 1998-2000 жж. - Үндістан мен Пәкістан жасаған жерасты ядролық жарылыстары тіркелді. Кеңес уақытында ядролық сынауларды бақылау үшін арнайы құрылған бұл станциялар қазіргі уақытта қалпына келтірілген, жаңғыртылған, қазіргі заманғы цифрлық тіркеу құралдарымен және деректерді Деректер орталығына жөнелтуге арналған жүйелермен жарақталған.

Закладка ВВ и детонаторов во взрывную камеру. Эксперимент Омега 3  1996 жылы Қазақстан Республикасының ұсынысымен қазақстандық төрт сейсмологиялық (басқа 170 станцияның ішінен) және бір инфрадыбыстық (басқа 60 станцияның ішінен) станция ЯСЖТШ шегіндегі ядролық сынауларды қадағалау үшін тағайындалған Халықаралық Мониторинг Жүйесі (IMS) құрамына енгізілді.

Қазақстандағы ЯСЖТШ Халықаралық Мониторинг Жүйесінің (IMS CTBTO) алғашқы PS023 Мақаншы сейсмикалық тобы 2000 жылы салынды және пайдалануға берілді.

2001 жылы IMS құрамында IS031 Ақтөбе инфрадыбыстық тобының құрылысы аяқталды,   Бурабай - AS057 сейсмикалық тобы салынды және жабдық орнатуға дайындалды.

2002 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы Келісім бойынша Оңтүстік Қазақстанда Қаратау сейсмикалық тобының құрылысы аяқталды.

Қазіргі уақытта геофизикалық мониторингтің ұлттық жүйесін Бурабай, Мақаншы, Курчатов, Қаратау топтары, Ақтөбе, Бурабай, Курчатов инфрадыбыстық топтары және Ақтөбе, Талғар, Подгорное үшқұрауышты сейсмикалық станциялары құрайды. Бұдан басқа, АҚШ-пен бекітілген Келісім шегінде Батыс Қазақстандағы тағы бір сейсмикалық топ бойынша ізденістер басталды.  

Полевые измерения. Эксперимент Омега 3  Қазақстандық мамандардың мониторинг станцияларын құрудағы іс-тәжірибесі жоба әзірлеуден, құрылыс салу алаңдарына геологиялық зерттеу жүргізуден, шуларды зерделеу мен сейсмикалық топтың оңтайлы конфигурациясын негіздеуден, жабдық орнатуға қатысудан, станцияларды тестілеу мен пайдаланудан тұрады.

Сейсмикалық деректерді жинау мен өңдеу орталығында (Алматы қ.) жабдық орнатылған және сейсмикалық топтармен спутниктік байланысу арналары нақты уақыт режимінде пайдаланылады.

Мұнда деректер сапасын бақылау, сейсмикалық оқиғаларды (жарылыстар мен жер сілкіністерін) тіркеу нәтижелерін өңдеу, бастапқы және өңделген ақпаратты сақтау жүргізіледі, Халықаралық мониторинг жүйесінің, Ғаламдық сейсмикалық тораптың Деректер орталығымен, сондай-ақ барлық қызығушылық танытқан ұйымдармен ақпаратпен алмасу жүзеге асырылады.

Орталықта бастапқы сейсмикалық жазбалардың әлемдік Деректер орталығының форматтарымен бірегейлендірілген форматтардағы базаларын құру технологиясы әзірленген, 1994 жылдан бергі сейсмикалық жазбалардың бастапқы деректерінің базалары, сондай-ақ басқа да тақырыптық базалардың (ССП-дағы ядролық жарылыстар, калибрлік жарылыстар, т.б.) бірқатары құрылған. Әзірленген автоматтандырылған технологиялар бойынша Орта Азияда алғаш рет аймақтық оқиғалардың сейсмологиялық бюллетенін дайындау жүйелі түрде жүргізілуде.

Жұмыстар геофизикалық мониторинг бойынша кең іс-тәжірибесі бар Ресей геофизикалық қызметі, НОРСАР (Норвегия), AFTAC, IRIS, L-DEO(АҚШ), Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты туралы ұйым (СТВТО) және т.б. сияқты көптеген ұлттық және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жүргізіледі.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстан сейсмикалық топтары ең тығыз орналасқан, жабдығы, байланыс жүйелері және деректерді өңдеу бағдарламалары ең жаңа ең үздік ұлттық мониторинг жүйесінің иегері болды.

Халықаралық қоғамдастық қазақстандық жүйемен алынған ақпаратты пайдаланып қана қоймай, ғылыми әзірлемелерге - Халықаралық мониторинг жүйесін калибрлеу, тіркелген оқиғаларды өршітпеу және сәйкестендіру әдістерін дамыту және тағы сол сияқтыларға келісім-шарттар бекітеді.

Калибровочный взрыв. Эксперимент Омега 3

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама штаттары арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық іске қосу қондырғыларын жоюға, апаттық жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуын болдырмауға қатысты 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Келісім шегінде 1998 жылғы тамыз айында ("Омега-1") 214 штольняда, 1999 жылғы қыркүйек айында ("Омега-2") және 2000 жылғы шілде айында ("Омега-3") Дегелең таулы алқабының 160В штольнясында. калибрлік эксперименттер өткізілді.

ҚР ҰЯО мамандары халықаралық топтар құрамында санкцияланбаған ықтимал ядролық жарылыстар өткізу орындарын инспекциялауға қатысады, сондай-ақ өздері де халықаралық оқу-жаттығулар мен семинарлар өткізеді.