Радиофармпрепараттарды тасымалдауға арналған қаптамалар |
I-131 радиоизотобын қолдану. |
Қалқанша безінің сцинтограммасы |
Жапония халқы сыйға тартқан ЭПР-аппаратурасының кешені |
ҚР Ұлттық ядролық орталығы қызметінің басым бағыттарының бірі ядролық-физикалық әдістер мен ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту болып табылады.
Ядролық және радиациялық технологиялар қазіргі заманғы экономикада өз орнын нық иеленді. Қазақстанда мұндай технологияларды дамыту және қолдану медицинада, индустрияда және ауыл шаруашылығында қолданылып жүрген тиімділігі төмен әрі көп еңбекті қажетсінетін дәстүрлі әзірлемелерден бас тартуға мүмкіндік береді.
Қазақстандық циклотронда республика мен жақын орналасқан өңірлердің қажеттілігі үшін изотоптар өндіріледі. TI-201, Co-57 тұрақты өндірісі қалыптастырылған, жақын арада Ga-67, Cd-109 өндірілетін болады. Циклотронның тағы бір өнімі - радиоэкологияда қолданылатын трассерлердің де маңызы зор. Атап айтқанда, плутоний көздері топырақ сынамаларындағы плутонийді анықтауда радиоактивті трассерлер ретінде қолданылады.
Отандық реакторлық изотоптар өндірісін құру үшін ВВР-К реакторында Tc-99m, I-131 изотоптарын өндіру технологиялары әзірленді.
ҚР ҰЯО-ның ядролық талдама саласындағы жұмыс тәжірибесі өте мол. Қоршаған орта объектілерінің элементтік құрамын активациялық талдау, рентгенофлюоресценттік талдау әдісімен анықтау әдістемелері әзірленді. Әдістемелер ҚР Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетімен қоршаған орта объектілеріне, тау жыныстарына, кендер мен минералдарға бақылау жүргізу құқығына аттестацияланды.
Ауыспалы элемент нитридтерінен, асыл металдардан және белгілі бір физикалық қасиетке ие материалдардан жасалған қорғаныс қаптамаларының жоғары қолданылу көрсеткіштері оларды болашақта конструкциялық материалдардың алдын ала бұзылуын болдырмау үшін қолдануға кең мүмкіндік береді. Алынатын қаптамалардың сапасы көптеген жағдайда оларды дайындау тәсілімен анықталады. Қорғаныс қаптамаларын жалатуда иондық-плазмалық технологиялар кең мүмкіндік береді. Орталық мамандарымен металл жолақтарының үлгілеріне ниобий нитриді қаптамасын жалатуға арналған магнетрондық қондырғы мен қосалқы жабдық әзірленіп жасалды және монтаждалды. Металл төсеніште жұқа асқын өткізгіш қабатты қалыптастыру процесі әзірленді және оның технологиялық параметрлері